Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Литература Қазақ әдебиеті

Вопрос id:340363
Б. Майлиннің өзі өмір сүріп отырған заман талабына жауап ретінде жасалған замандас бейнесін белгілеңіз
?) Раушан, Азамат
?) Арыстанбайдың Мұқышы
?) Мырқымбай, Жындыбаев
?) Күлпаш, Мәриям
?) Айранбай, Егеубай
Вопрос id:340364
Халық ауыз әдебиетінен байқалатын негізгі сарынды көрсетіңіз
?) Өштескеннен кек алуға шақырады
?) Ел басындағы мұңды ғана суреттейді
?) Сары уайымға салынушылық байқалады
?) Қиыншылықты жеңіп, жақсы өмір сүруге үндейді
?) Ескіні аңсаған кертартпалық сарын көрінеді
Вопрос id:340365
С. Көбеев кімнің шәкірті болғанын табыңыз
?) Ы. Алтынсарин
?) Ә. Шәріпов
?) А. Құнанбаев
?) С. Сейфуллин
?) І. Жансүгіров
Вопрос id:340366
І. Жансүгіров мадақтаған, бес өрлетіп, қырық қарпып, тоқсан толғап ән салатын әншіні табыңыз
?) Естай
?) Әсет
?) Ақан сері
?) Жаяу Мұса
?) Үкілі Ыбырай
Вопрос id:340367
Шәкәрім шығармасын табыңыз
?) "Ақбілек"
?) "Оянған өлке"
?) "Абай жолы"
?) "Батыр Баян"
?) "Қалқаман - Мамыр"
Вопрос id:340368
«Алпамыс батыр» жырындағы батырдың жарының атын табыңыз
?) Қарлыға
?) Қарашаш
?) Ақжүніс
?) Гүлбаршын
?) Назым
Вопрос id:340369
Ғ. Мұстафиннің қаламынан туған шығарманы көрсетіңіз
?) "Дауылдан кейін"
?) "Гауһартас"
?) "Үркер"
?) "Ұшқын"
?) "Қаһар"
Вопрос id:340370
Кеңес жазушыларының Бүкілодақтық II съезіндегі баяндамасында Жамбылдың соғыс кезіндегі поэзиясының қуатты поэзия болғандығын атап көрсеткен адамның аты - жөнін атаңыз
?) Н. Тихонов
?) А. Сурков
?) Р. Роллан
?) А. Толстой
?) А. Нексе
Вопрос id:340371
Костылецкий, Гонсевский деген адамдардың Ш. Уәлихановқа қатысын табыңыз
?) Таныс емес
?) Ниеттестері
?) Пікірлестері
?) Достары
?) Ұстаздары
Вопрос id:340372
«Диуани лұғат ат - түрік» кітабының авторын табыңыз
?) Әл - Фараби
?) Ж. Баласағұн
?) А. Яссауи
?) С. Сараи
?) М. Қашқари
Вопрос id:340373
20 - 30 жылдарда қазақ қаламгерлері өндіріс дамуының символы ретінде қолданған сөздерді табыңыз
?) Шахта, колхоздастыру, аққу
?) Темір жол, зауыт, фабрика
?) Орақ, кетпен, мал
?) Машина, теңіз, егін
?) Трактор, ақсақ киік
Вопрос id:340374
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Қай жыраудың мұрасы екенін белгілеңіз
?) Бұқар жырау
?) Жанақ
?) Жанкісі
?) Асан қайғы
?) Шалкиіз
Вопрос id:340375
Махамбеттің жас кезінде Орынбор қаласында кімнің қасында болғанын табыңыз
?) Исатайдың
?) Бекмағамбеттің
?) Баймағамбеттің
?) Жәңгір ханның
?) Зұлқарнайынның
Вопрос id:340376
Жел, жел есер, жел есер кімнің шығармасы екенін анықтаңыз
?) Асан қайғы
?) Жиембет
?) Шалкиіз
?) Қазтуған
?) Доспамбет
Вопрос id:340377
Дала дидары, "Қорамсақ", "Жерұйық" тағы басқа өлең жинақтарының авторы кім екенін табыңыз
?) Қ. Аманжолов
?) О. Сүлейменов
?) Т. Молдағалиев
?) Қ. Мырзалиев
?) Т. Жароков
Вопрос id:340378
Рудаки шығармасын табыңыз
?) Рубаилар
?) Егіз жолдар
?) Трактат
?) Наме
?) Ғазел
Вопрос id:340379
Әй, Махамбет жолдасым деген өлеңді шығарған кім екенін анықтаңыз
?) Дулат
?) Ақтамберді
?) Исатай
?) Ығылман
?) Махамбет
Вопрос id:340380
Ерекең шал, кемпірі, баласы Сапабек, келіні Тома, немересі Жеңіс деген кейіпкерлері бар «Қонақтар» әңгімесінің авторын табыңыз
?) Т. Әбдіков
?) Д. Исабеков
?) Т. Әлімқұлұлы
?) С. Мұратбеков
?) Қ. Жұмаділов
Вопрос id:340381
Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз.
Ешкі сүйеді баласын «…» деп,
«Тастан - тасқа секірген шұнағым» деп.
?) Боташым
?) Бұзауым
?) Қозым
?) Құлыным
?) Лағым
Вопрос id:340382
Б. Майлиннің туған жерін белгілеңіз
?) Көкшетау облысы
?) Торғай облысы
?) Атырау облысы
?) Ақтөбе облысы
?) Қарағанды облысы
Вопрос id:340383
Еңбек тақырыбына жазылған мақалды табыңыз
?) Жан қиналмай, жұмыс бітпес
?) Отан - оттан да ыстық
?) Тірлік, тірлік түбі - бірлік
?) Көп түкірсе - көл
?) Өнерлі өрге жүзеді
Вопрос id:340384
Жас қызға үйленіп, жүрегі жұмсарып, мейірімді жанға айналған Ғ. Мүсірепов кейіпкерін табыңыз
?) Жұман
?) Күреңкөз қожа
?) Есеней
?) Игілік
?) Жалпақ балуан
Вопрос id:340385
Жамбылдың «Өтеген», «Сұраншы батыр» шығармалары үшін алған наградасын белгілеңіз
?) Ленин ордені
?) Мемлекеттік сыйлық
?) Ешбір сыйлық берілмеді
?) Еңбек Қызыл Ту ордені
?) Құрмет белгісі ордені
Вопрос id:340386
Б. Бұлқышевтың шығармасын көрсетіңіз
?) «Өмір мен өлім»
?) «Қазақ солдаты»
?) «Құрдастар»
?) «Ақын өлімі туралы аңыз»
?) «Ер туралы жыр»
Вопрос id:340387
1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралап, қазақ халқының тарихы мен әдет - ғұрпы ұғымына байланысты қандай еңбектер жазғанын белгілеңіз
?) "Қыз Жібек"
?) "Тәңірі", "Қазақстандағы шамандықтың қалдығы"
?) "Қобыланды"
?) "Қозы Көрпеш - Баян сұлу"
?) "Айман - Шолпан"
Вопрос id:340389
А. Байтұрсынов Абайды қалай бағалағанын табыңыз
?) «Қазақтың классик әдебиетінің атасы... »
?) «Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін»
?) «Қазақтың бас ақыны»
?) «Қазақтың балалар әдебиетінің атасы»
?) «Қазақ әдебиетінің күн шуағы, асқар биігі... »
Вопрос id:340390
«Данышпан Аликтің ажалы», «Қасқыр мен мысық» аудармаларының авторын белгілеңіз
?) Ахмет Байтұрсынов
?) Жүсіпбек Аймауытов
?) Міржақып Дулатов
?) Мағжан Жұмабаев
?) Шәкәрім Құдайбердіұлы
Вопрос id:340391
Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінің кейіпкерін атаңыз
?) Жүзтайлақ
?) Амангелді
?) Әбдірахман
?) Досан
?) Пұлыш
Вопрос id:340392
Жамбылдың өмір сүрген жылдарын табыңыз
?) 1860 - 1960жж
?) 1846 - 1945жж
?) 1894 - 1947жж
?) 1876 - 1944жж
?) 1845 - 1846жж
Вопрос id:340393
«Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз
?) Жар - жар айтысы
?) Жұмбақ айтысы
?) Жануарлар мен адам айтысы
?) Ақындар айтысы
?) Бәдік айтысы
Вопрос id:340394
Бұл бостандық көктен бізге келмеді,
Ешкім бізге сыйлап оны бермеді, - деген өлең жолдары С. Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз
?) "Бостандық"
?) "Майға сәлем"
?) "Колхозды ауыл осындай"
?) "Сұлушаш"
?) "Малшының мақтанышы"
Вопрос id:340395
Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз
?) "Құдатғу біліг"
?) "Диуани лұғат ат - түрік"
?) "Күлтегін", "Тоныкөк"
?) Қорқыт ата
?) "Мұхаббат - наме"
Вопрос id:340396
Сәлем - борыш, сөз - қулық болғаннан соң (Абай)
Көркем бейнелеудің қай түрі екенін табыңыз
?) Метафора
?) Теңеу
?) Синекдоха
?) Эпитет
?) Метонимия
Вопрос id:340397
Б. Өтетілеуовтің ХХ ғ. басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырғанын табыңыз
?) Лириканың азаматтық үнін
?) Көлемді прозаны
?) Аудармашылықты
?) Сюжетті сатиралық өлең, мысалды
?) Публицистиканы
Вопрос id:340398
Бұқар жыраудың:
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған, - деген тармақтарындағы "аттың басын тартпау" тіркесінің қолданылу мағынасын анықтаңыз
?) Баукеспе ұры деген мағынаны білдіреді
?) Жаудан қаймықпаған, қайтпаған деген ұғымдағы
ауыспалы мағынада суреттелген
?) Атты тежеме, ірікпей алға жіберу деген ұғымда, тура
мағынада қолданылған
?) Асыра суреттеу, көтермелеу мағынасында бейнеленген
?) Ел кезбе, қыдырғыш деген ұғымда айтылған
Вопрос id:340399
«Ел баласы» деген сөздің мәнін анықтаңыз
?) Асырап алған бала
?) Көптің қамын ойлайтын бала
?) Туған баласы емес
?) Үйдегіні сыртқа таситын бала
?) Бір ауылға ортақ бала
Вопрос id:340400
Бөл - бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөгелмей білім біл, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің. (Бөбек бөлеу). Бұл шумақтағы дыбыс үндесу тәсілін табыңыз
?) Гипербола
?) Литота
?) Фигура
?) Ассонанс
?) Аллитерация
Вопрос id:340401
«Құмырсқа мен көгершін», «Атасы мен немересі», «Ат пен есек»деген мысал үлгісіндегі шағын әңгімелердің авторын табыңыз
?) М. Абайұлы
?) С. Көбеев
?) С. Торайғыров
?) С. Дөнентаев
?) А. Қорамсаұлы
Вопрос id:340402
Жамиғат - тауарих кімнің еңбегі екенін табыңыз
?) Әбілғазы Бахадүр
?) М. Х. Дулати
?) Қадырғали Жалайри
?) Мұхаммед Салих
?) З. М. Бабыр
Вопрос id:340403
Шәкәрімнің "Мәнді сөздері" қандай туынды екенін табыңыз
?) Роман
?) Өлеңдер жинағы
?) Трактат
?) Афористік топтама
?) Әңгімелер жинағы
Вопрос id:340404
«Қараой» шығармасының авторын табыңыз
?) Д. Исабеков
?) Т. Әлімқұлұлы
?) Ж. Молдағалиев
?) Қ. Жұмаділов
?) Ғ. Мүсірепов
Вопрос id:340405
С. Торайғыровтың поэмасын табыңыз
?) «Ескендір»
?) «Маса»
?) «Сұлушаш»
?) «Адасқан өмір»
?) «Қырық мысал»
Вопрос id:340406
Қырағыкөз, Желаяқ, Саққұлақ, Таукөшірер, Көлтауысар кездесетін ертегіні белгілеңіз
?) «Қотыр торғай»
?) «Eр Төстік»
?) «Алтын сақа»
?) «Ұшқыш кілем»
?) «Керқұла атты Кендебай»
Вопрос id:340407
Ыбырай Алтынсариннің өлеңін белгілеңіз
?) «Қалың елім, қазағым»
?) «Досыма хат»
?) «Сегіз аяқ»
?) «Болыс болдым мінеки»
?) «Кел, балалар, оқылық»
Вопрос id:340408
Абай Құнанбайұлының әжесінің атын белгілеңіз
?) Ұлжан
?) Нұрғаным
?) Қамқа
?) Зере
?) Ділдә
Вопрос id:340409
С. Мұқановтың "Ботагөз" романындағы Асқардың кім екенін табыңыз
?) Итбайдың баласы
?) Ботагөздің нағашы ағасы
?) Ботагөздің інісі
?) Ботагөздің жары
?) Ботагөздің туысы
Вопрос id:340410
Құлагер поэмасында кімнің асы суреттелетінін табыңыз
?) Абай
?) Ақан
?) Көтібар
?) Батыраш
?) Сағынай
Вопрос id:340411
Гүлбаршын сұлудың Алпамысты жар етіп таңдаған себебін көрсетіңіз
?) Бір жағы батыр, екінші жағы қазақ жігіті болғаны үшін
?) Тұрмысқа шығу керек болғандықтан
?) "Бір кірпігі алтын, бір кірпігі күміс" асқан сұлулығы үшін
?) Айттырған адамы болғандықтан еріксіз таңдайды
?) Байбөрі байдың жалғыз ұлы болғасын
Вопрос id:340412
Аңыз бойынша ажал Қорқытқа қалай келетінін табыңыз
?) От
?) Оқ
?) Ауру
?) Су
?) Жылан
Вопрос id:340413
«Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауының авторын көрсетіңіз
?) Шалкиіз
?) Ақтамберді
?) Жиембет
?) Асан қайғы
?) Қазтуған
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026