Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Литература Қазақ әдебиеті

Вопрос id:340669
Жұрт біздің Екей руын мазақтап, Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген ат аз ба? Сексен бірінші боп қайтесің? " - деген сөздерді Жамбылға кім айтқанын белгілеңіз
?) Сүйінбай
?) Анасы
?) Әкесі
?) Құдияр
?) Ауыл ақсақалдары
Вопрос id:340670
«Ш. Уәлиханов» пьесасының авторын белгілеңіз
?) Ж. Аймауытов
?) С. Сейфуллин
?) С. Мұқанов
?) Ғ. Мұстафин
?) М. Әуезов
Вопрос id:340671
«Оянған өлкенің» (Ғ. Мүсірепов) кейіпкерлерін табыңыз
?) Қосым, Сәден
?) Жұман, Игілік
?) Қапия ана
?) Мәрзия, Дәмелі
?) Мүслима, Ермек
Вопрос id:340672
Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңіндегі ой қорытындысын табыңыз
?) Кәрілік туралы
?) Ел бірлігі
?) Жастық туралы
?) Сөз өнері
?) Ерлік, батырлық
Вопрос id:340673
«Бір тойым болатыны сөзсіз менің» деп армандап өткен талантты қазақ ақынын табыңыз
?) Ж. Молдағалиев
?) М. Мақатаев
?) Т. Айбергенов
?) С. Дөнентаев
?) С. Торайғыров
Вопрос id:340674
«Қамар сұлу» романындағы кедей ортасынан шыққан, аздап оқыған жігіт, жаңа дәуірдіғ өкілі кім екенін белгілеңіз
?) Ахмет
?) Оспан би
?) Сәрсенбай
?) Қалтан қажы
?) Жорға Нұрым
Вопрос id:340675
Бейімбет Майлиннің «Шұғанығ белгісі» повесіндегі Шұғаның сүйген жігітін табыңыз
?) Адақ
?) Амантай
?) Әбдірахман
?) Қауқымбай
?) Кәрім
Вопрос id:340676
Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз
?) 1865 ж Қостанайда
?) 1864 ж Торғайда
?) 1863 ж Ырғызда
?) 1865 ж Орынборда
?) 1866 ж Омбыда
Вопрос id:340677
«Дауылдан кейін» романының авторын табыңыз
?) Б. Момышұлы
?) Ж. Молдағалиев
?) Ғ. Мұстафин
?) Ә. Сәрсенбаев
?) З. Шашкин
Вопрос id:340678
Алпамыс батыр жырында: "Ұлтан бегіме лайық өлеңді өзім айтамын", - деген кім екенін белгілеңіз
?) Тортай
?) Бадамша
?) Аналық
?) Құлтай
?) Жәдігер
Вопрос id:340679
Махамбеттің өлеңін табыңыз
?) "Бағаналы терек"
?) "Бұл заманда не ғаріп"
?) "Белгілі биік көк сеңгір"
?) "Асқар, асқар, асқар тау"
?) "Ағынды сулар, аймақ көл"
Вопрос id:340680
Сот реформасы туралы жазған кім екенін белгілеңіз
?) Шәкәрім
?) Шоқан
?) Ыбырай
?) Ахмет
?) Жүсіпбек
Вопрос id:340681
І. Жансүгіровтің «Әкемнен қалған көз еді» деп ардақтала аяқталатын натюрморттық өлеңінің атын белгілеңіз
?) «Сабын»
?) «Киіз үй»
?) «Саптыаяқ»
?) «Саят»
?) «Ала бие»
Вопрос id:340682
Жамбылдың қай ақынмен айтысқанын табыңыз
?) Құлмамбет
?) Сара
?) Біржан
?) Омарқұл
?) Арыстанбай
Вопрос id:340683
Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз
?) Экспозиция
?) Кульминация
?) Пролог
?) Эпилог
?) Шешім
Вопрос id:340684
Абайдың дүниеден өткен жылын көрсетіңіз
?) 1960 ж
?) 1901 ж
?) 1903 ж
?) 1902 ж
?) 1904 ж
Вопрос id:340685
Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет, кең пейіл,
Қайырымды дос берсін, - деген бата - тілектің түрін ажыратыңыз
?) Наурыз батасы
?) Рамазан батасы
?) Жол батасы
?) Ас қайыру батасы
?) Теріс бата
Вопрос id:340686
Еліне жайлы қоныс, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоршысын табыңыз:
?) Жиренше
?) Асан қайғы
?) Алдар Көсе
?) Әз Жәнібек
?) Ер Төстік
Вопрос id:340687
Мақалдардың ең негізгі ерекшелігі неде?
?) Ырғақтығында
?) Дәлелділігінде
?) Өткірлігінде
?) Аз сөзбен көп мағына беруінде
?) Ықшамдылығында
Вопрос id:340688
Алпамыс батырдың әкесінің атын табыңыз
?) Байбөрі
?) Тұяқбай
?) Қарасай
?) Сарыбай
?) Тоқтарбай
Вопрос id:340689
Махамбеттің:
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін жасырман, - деп кімге айтқандығын анықтаңыз
?) Қарауыл кожаға
?) Баймағамбетке
?) Талқыға
?) Хиуа ханына
?) Жәңгірге
Вопрос id:340690
Омбы Кадет корпусы қандай оқу орны екенін табыңыз
?) Саяхатшылар даярлайтын оқу орны
?) Мұғалімдер даярлайтын оқу орны
?) Әскери оқу орны
?) Патша чиновниктерін оқытушы
?) Тілмаштар дайындаушы
Вопрос id:340691
Қараторғай деген есімнің Ақан серіге қандай қатысы барлығын табыңыз
?) Жүйрік тазысы
?) Шығарған әні
?) Қыран құсы
?) Жүйрік тұлпары
?) Туған жері
Вопрос id:340692
Ғ. Мүсіреповтің пьесасын белгілеңіз
?) "Қыз Жібек"
?) "Жалғыз ағаш орман емес"
?) "Шекарада"
?) "Рабиға"
?) "Бесеудің хаты"
Вопрос id:340693
Импровизация деген сөздің мәнін көрсетіңіз
?) Прозалық, поэзиялық шығарманы сахнаға лайықтап қайта жазу
?) Өлеңді тұтқиылдан суырып салу өнері
?) Күлкілі пьеса немесе көрініс
?) Еңбек адамының бақытты өмірін суреттейтін өлең
?) Дауыс толқыны
Вопрос id:340694
Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз
?) Тәкежан
?) Майбасар
?) Жиренше
?) Ербол
?) Ызғұтты
Вопрос id:340695
Әнші - ақындар тобына жататын азаматты белгілеңіз
?) Абай
?) Әміре
?) Сара
?) Қажымұқан
?) Мәди
Вопрос id:340696
Ұзатылатын қыздың ел - жұртымен қоштасарда айтатын салт өлеңін белгілеңіз
?) Қоштасу
?) Сыңсу
?) Беташар
?) Той бастар
?) Жар - жар
Вопрос id:340697
Абай оқыған медресені белгілеңіз
?) Ахмет Риза
?) Ташкент медресесі
?) Әбдірахман молда медресесі
?) Қасым қажы медресесі
?) Медресе Ғалия
Вопрос id:340698
Асанның:
"Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер, "- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз
?) Кешірімділік
?) Дәстүр, салт мәселесі
?) Достық
?) Қамқорлық
?) Жер мәселесі
Вопрос id:340699
Ш. Уәлихановтың Қашқарға бару себебін белгілеңіз
?) Үйлену үшін
?) Өлкені зерттеуге
?) Қызмет істеуге
?) Сауда - саттық жасауға
?) Тыңшы ретінде
Вопрос id:340700
Көбеевтің «Үлгілі бала» кітабы қандай еңбек екенін табыңыз
?) Өлеңдер жинағы
?) Мысалдар жинағы
?) Орта мектеп балалары үшін оқу кітабы
?) Бастауыш мектеп балалары үшін оқу кітабы
?) Ертегілер жинағы
Вопрос id:340701
Қобыланды батыр жырында айтылатын Қызылбас елін белгілеңіз
?) Иран елі
?) Түрік елі
?) Араб елі
?) Пәкістан
?) Ауғанстан
Вопрос id:340702
Ақан серінің аңшы психологиясын бере білген өлеңін табыңыз
?) «Көкжендет»
?) «Мылтық пен мергеншілік»
?) «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
?) «Құлагер»
?) «Аттың сыны»
Вопрос id:340703
Жамбылдың «Жалғызбын деп жүрмесін» деген жолдау өлеңі Абайдың басына түскен қандай қайғыға байланысты дүниеге келгенін айтыңыз
?) Әбдірахман дүниеден өткенде
?) Оспан қазасына
?) Анасы Ұлжан дүниеден өткенде
?) Мағауия қайтыс болғанда
?) Құнанбай қазасына
Вопрос id:340704
С. Мұқанов мұғалімдік оқуды қай қалада оқығанын белгілеңіз
?) Қарағанды
?) Уфа
?) Омбы
?) Орынбор
?) Семей
Вопрос id:340705
Ғ. Мүсіреповтің алғашқы ұстазын табыңыз
?) С. Көбеев
?) Ы. Алтынсарин
?) Ғ. Мұстафин
?) Б. Майлин
?) Б. Өтетілеуов
Вопрос id:340706
Қазақ прозасының профессионалдық биік деңгейге көтерілген кезін көрсетіңіз
?) Әлі әлемдік деңгейге жеткен жоқ
?) XІX ғ. екінші жартысы
?) XVІІІ ғ. екінші жартысы
?) XІX ғ. бірінші жартысы
?) XX ғ
Вопрос id:340707
Берілген үзіндінің авторы кім?
"Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады"
?) Абай
?) Сыпыра жырау
?) Шалкиіз
?) Асан қайғы
?) Ақтамберді
Вопрос id:340708
Бұқар жыраудың «Сен - бұзау терісі шөншіксің» деп, Керейлерге айтқан сөзіндегі шөншіктің мағынасын анықтаңыз
?) Аяқ киім
?) Тон
?) Ыдыс
?) Бас киім
?) Жарғақ қалта
Вопрос id:340709
…Кім білсін, талай күнгі арманым ед,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Бұл өлең жолдары Т. Айбергеновтің қай өлеңінен алынғанын есіңізге түсіріңіз
?) "Өлең"
?) "Туған жер"
?) "Досыма"
?) "Бір тойым бар"
?) "Сағыныш"
Вопрос id:340710
Асан атына "қайғы" деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз
?) Жай қоя салған
?) Айналасына наразылықтан
?) Өз басында қайғысы бар адам
?) Мұңды адам
?) Халық қайғысын, мұң - зарын ойлаумен өткен адам
Вопрос id:340711
XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау?
?) Ақтамберді
?) Бұқар
?) Қазтуған
?) Доспамбет
?) Шалкиіз
Вопрос id:340712
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институты кімнің атында екенін белгілеңіз
?) А. Байтұрсынов
?) Ш. Уәлиханов
?) Ы. Алтынсарин
?) Қ. Сәтбаев
?) М. Әуезов
Вопрос id:340713
1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан Петербург университетінің қай профессорымен танысқанын белгілеңіз
?) Богородицкий
?) И. М. Березин
?) В. Радлов
?) Гонсевский
?) Шепикова
Вопрос id:340714
Әкесі Алтынсары өлген соң Ыбырай кімнің қолында тәрбие алғандығын табыңыз
?) Шешесінің
?) Балқожаның
?) Сейітқұлдың
?) Әжесінің
?) Ағасының
Вопрос id:340715
Нысан абыз бейнесі Шәкәрімнің қай поэмасында кездесетіндігін анықтаңыз
?) "Медғат - Қасым"
?) "Ләйлі - Мәжнүн"
?) "Нартайлақ - Айсұлу"
?) "Еңлік - Кебек"
?) "Қалқаман - Мамыр"
Вопрос id:340716
Сюжетін халықтың тарихи аңыздарынан алған, зарлы заман оқиғаларын суреттеген шығарманы көрсетіңіз
?) Ғ. Орманов "Мыс қала"
?) И. Байзақов "Он бір күн, он бір түн"
?) Т. Жароков "Тасқын"
?) И. Байзақов "Ақбөпе", "Құралай сұлу"
?) С. Мұқанов "Ақ аю"
Вопрос id:340717
Редифті ұйқастың не екенін табыңыз
?) Жолдың соңғы сөзі қайталанып, ұйқас оның алдындағы сөзде болады
?) Жолдың төртеуі де бір - бірімен ұйқасады
?) Жолдардың басы ғана ұйқасады
?) Қара өлең ұйқасына ұқсас, бірақ бұнда 4 - жол ұйқаспай бос қалады
?) Жолдың төртеуі де ұйқаспайды
Вопрос id:340718
Төмендегі өлең шумағы кімдікі?
Еңсесі биік ақ орда
Еміне кірер күн қайда?
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?
?) Асан қайғы
?) Доспамбет
?) Қазтуған
?) Махамбет
?) Шалкиіз
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026