Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Литература Қазақ әдебиеті

Вопрос id:340567
"Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлықсыз тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?!"Үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз
?) "Нарын"
?) "Ұлы арман"
?) "Бағаналы терек"
?) "Жалғыздық"
?) "Мінкен ер"
Вопрос id:340568
Жұман, Игілік, Рязанов, Ушаковтар қай шығарманың кейіпкерлері екенін табыңыз
?) "Ұлпан"
?) "Оянған өлке"
?) "Қыз Жібек"
?) "Қазақ солдаты"
?) "Ақан сері - Ақтоқты"
Вопрос id:340569
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би өмір сүрген кезеңді белгілеңіз
?) ХVІІІ ғ
?) ХІV - ХVІ ғ
?) ХІХ ғ
?) ХІ - ХІІІ ғ
?) ХХ ғ
Вопрос id:340570
«... Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Есімбек сол «өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы еді». Үзіндінің қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз
?) «Айранбай»
?) «Майдан»
?) «Сексен сом»
?) «Кедей теңдігі»
?) «Шұғаның белгісі»
Вопрос id:340571
«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясын табыңыз
?) Ел билеушілерінің мінез - құлқын сынау
?) Үстем тапқа деген кекті білдіру
?) Табиғат көрінісін суреттеу
?) Қараңғы қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі - өнегесін көрсету
?) Әділетсіздікті сынау
Вопрос id:340572
Ы. Алтынсариннің әңгімесін табыңыз
?) «Әке мен бала»
?) «Көксерек»
?) «Жолдастар»
?) «Өткен күндер»
?) «Қара шелек»
Вопрос id:340573
Абай өмір сүрген ғасырды белгілеңіз
?) XV - XVII ғ
?) XVIII - XIX ғ
?) XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы
?) XVI - XVII ғ
?) ХХ ғ
Вопрос id:340574
Қиял - ғажайып ертегілердің ерекшелігін табыңыз
?) Аяғы жақсылықпен бітеді
?) Кейіпкерлері аңдар боп келеді
?) Үлкен - кіші сүйіп оқиды
?) Оқуға өте қызықты
?) Ғажайып оқиғалар жүзеге асады
Вопрос id:340575
"Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп,
Ештеңені білмеген момыным деп. "Қай жырдан алынған үзінді екенін анықтаңыз
?) "Жылқышы атаға"
?) "Сексек атаға"
?) "Шопан атаға"
?) "Малдың баласын сүюі"
?) "Ойсыл қараға"
Вопрос id:340576
... Жаманға жазатайым ісің түссе,
Жабысып қалады екен аспан жерге, - деген жолдар алынған Ақан серінің өлеңін белгілеңіз
?) "Асыл мен жасық"
?) "Жақсы мен жаман"
?) "Заман адамы"
?) "Жүсіп төреге"
?) "Заманға қарап айтқан сөз"
Вопрос id:340577
М. Жұмабаев «Түркістан» деген өлеңінде: «Көп түрік енші алысып тарасқанда» қара шаңыраққа ие болып қалды деп кімді көрсеткенін белгілеңіз
?) Өзбек
?) Қазақ
?) Түрікмен
?) Түрік
?) Қырғыз
Вопрос id:340578
Қандай жырдан үзінді екенін табыңыз
Іздеп едім, қайнаға - ау, кез келесіз,
Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз.
Қайнаға - ау, көріпсіз бір перзентті,
Сүйіншіге, қайнаға - ау, не бересіз?
?) "Қыз Жібек"
?) "Қозы Көрпеш - Баян сұлу"
?) "Қобыланды батыр"
?) "Еңлік - Кебек"
?) "Айман - Шолпан"
Вопрос id:340579
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім, - деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз
?) "Махамбеттің Жәңгірге айтқаны"
?) "Ерлердің ісі бітер ме?"
?) "Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны"
?) "Күмісті мылтық қолға алып "
?) "Толарсақтан саз кешіп"
Вопрос id:340580
Мәрзия, Науан, Дәмелі қай шығарманың кейіпкерлері екенін белгілеңіз
?) "Қыз Жібек"
?) "Қозы Көрпеш - Баян сұлу"
?) "Еңлік - Кебек"
?) "Амангелді"
?) "Ақан сері - Ақтоқты"
Вопрос id:340581
Литота ойды қалай бейнелейтінін табыңыз
?) Әсірелеу, ұлғайту
?) Салыстыра суреттеу
?) Сөздердің мағынасын бұрып айту
?) Мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу
?) Сөздерді қарама - қарсы мәнде айту
Вопрос id:340582
«Махаббат қызық мол жылдар» романының авторын табыңыз
?) Ш. Мұртаза
?) Ә. Нұршайықов
?) Қ. Жұмәділов
?) Д. Исабеков
?) О. Бөкей
Вопрос id:340583
Доспамбет жырау өмір сүрген ғасырды табыңыз
?) XVI - XVII ғғ
?) IX ғ
?) XIV - XV ғғ
?) XVII - XVIII ғғ
?) XV - XVI ғғ
Вопрос id:340584
Шалкиіздің "Жел, жел есер, жел есер"толғауы қай жинаққа енгенін анықтаңыз
?) "Асау тұлпар"
?) "Үш анық"
?) "Серке"
?) "Көктем"
?) "Алдаспан"
Вопрос id:340585
Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін... Кімнің жүрек сыры екенін белгілеңіз
?) Ж. Аймауытов
?) М. Әуезов
?) Ш. Иманбаева
?) М. Дулатов
?) Алмажан ақын
Вопрос id:340586
Біржан мен Сара айтысының негізгі тақырыбын табыңыз
?) Қалың мал
?) Жастардың бас бостандығы
?) Әйел теңдігі
?) Ел қорғау
?) Махаббат
Вопрос id:340587
М. Шахановтың «Арман» өлеңінде бала Әбу өзінің мақсатын дана қарияға қалай түсіндіргенін белгілеңіз
?) Саудагер болу
?) Саяхатшы болу
?) Ғылым мен өнердің шамын жағу
?) Саудагер болу үшін көп елдің тілін білу
?) Саудагер болу үшін мол білім игеру
Вопрос id:340588
Әбу Насыр әл - Фарабидің кім екенін анықтаңыз
?) Ғалым, ақын, әдебиетші
?) Әдебиетші, композитор, қолбасы
?) Данышпан, саяхатшы, архитектор
?) Философ, зерттеуші, драматург
?) Энциклопедист ғалым, билеуші
Вопрос id:340589
1858 - 59 жылдары Шоқан саяхат жасаған жерді табыңыз
?) Жетісу
?) Аягөз
?) Тарбағатай
?) Қашқария
?) Ыстықкөл
Вопрос id:340590
Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларды қайдан алғанын белгілеңіз
?) Аударма және Абай өлеңдері
?) Өз туындылары
?) Аударма және өз шығармалары
?) Өз шығармалары және өзге қазақ қаламгерлерінің туындылары
?) Аударма еңбектер
Вопрос id:340591
Ақан серіні әкесі неше жасында діни оқуға бергендігін анықтаңыз
?) 15 жаста
?) 17 жаста
?) 13 жаста
?) 21 жаста
?) 19 жаста
Вопрос id:340592
Биағаң халық жауы болса, мен де жаумын деген қайсар сөздің авторын көрсетіңіз
?) Ғ. Мүсірепов
?) Ғ. Мұстафин
?) С. Мұқанов
?) М. Әуезов
?) І. Жансүгіров
Вопрос id:340593
Новелланың анықтамасын белгілеңіз
?) Әңгіменің бір түрі, бірақ көлемі өте қысқа
?) Әңгімеге қарағанда көлемді шығарма
?) Оқиғасы қызу, ширақ дамып, күтпеген жерден кілт, тосын
шешіммен аяқталатын әңгіме
?) Кейіпкерлері болмайтын, тек суреттеуге құрылатын
әңгіме
?) Тек махаббат тақырыбын суреттеген шығарма,
Вопрос id:340594
Абай жолы романындағы асы берілген адамның атын табыңыз
?) Қодар
?) Бөжей
?) Қаратай
?) Дәркембай
?) Байдалы
Вопрос id:340595
Қу, айлакер адамдарды халық қандай аң бейнесінде суреттегенін белгілеңіз
?) Қоян
?) Түлкі
?) Арыстан
?) Қасқыр
?) Жолбарыс
Вопрос id:340596
Мақалдағы көркемдік өрнекті табыңыз.
Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді,
Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді.
?) Метафора
?) Теңеу
?) Метонимия
?) Синтаксистік параллелизм
?) Эпитет
Вопрос id:340597
«Алтын сақа» ертегісінде жанынан қорыққан байдың жалмауызға бермек болған нәрсесін атаңыз
?) Жалғыз баласын
?) Жылқысын
?) Жанын
?) Алтын сақасын
?) Дүниесін
Вопрос id:340598
Қазақ өлеңдерін Шоқан қаншаға бөлгенін анықтаңыз
?) Төртке
?) Алтыға
?) Үшке
?) Беске
?) Жетіге
Вопрос id:340599
«Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен« деген үзінді қай шығармадан алынғандығын табыңыз
?) «Кім жазықты»
?) «Қамар сұлу»
?) «Көкшетау»
?) «Қалың мал»
?) «Дала»
Вопрос id:340600
Жамбыл: ‘‘Жата алмаймын төсекте, жаным қалай жайланат", - деген жолдарды неге айтқанын табыңыз
?) Еңбек еткісі келгендіктен
?) Соғыстың зардабын уайымдағандықтан
?) Өмірдің қызығын көргісі келгендіктен
?) Қартайғандықтан
?) Жата - жата шаршағандықтан
Вопрос id:340601
Байжан, Айбарша, Дәулет - С. Мұқановтың қай шығармасының кейіпкерлері екенін табыңыз
?) "Мөлдір махаббат"
?) "Ботакөз"
?) "Өмір мектебі"
?) "Аққан жұлдыз"
?) "Сырдария"
Вопрос id:340602
Солақай сыншылар «Абай жолына» көк сүңгі сілтеп, М. Әуезов басына әңгір таяқ ойнатқанда ара түсіп, мақала жазған жазушыны табыңыз
?) А. Тоқмағамбетов
?) Т. Жароков
?) С. Мұқанов
?) Ғ. Мұстафин
?) Ғ. Мүсірепов
Вопрос id:340603
Аз сөйлер де көп тыңдар
Хас асылдың баласы…
Жаманнан туған жақсы бар.
Атасын айтса нанғысыз, - деген үзіндінің авторын табыңыз
?) Төле би
?) Ақтамберді
?) Махамбет
?) Доспамбет
?) Жиембет
Вопрос id:340604
«Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың қою шашы қап - қара, кең маңдайы кере қарыс, көзінде ақыл тұнып тұр, орысшаға жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз». (В. Попов) Бұл пікірдің кім туралы айтылғанын табыңыз
?) С. Сейфуллин
?) М. Жұмабаев
?) М. Әуезов
?) Қ. Сәтбаев
?) Ш. Уәлиханов
Вопрос id:340605
Ы. Алтынсариннің туған жылын табыңыз
?) 1843 ж
?) 1842 ж
?) 1841 ж
?) 1840 ж
?) 1879 ж
Вопрос id:340606
Бейімбет Майлиннің қоғамдық маңызы ұлкен әлеуметтік мәселелерді қозғайтын поэмасын белгілеңіз
?) «Ауылда»
?) «Кемпірдің ертегісі»
?) «Жазғы қалып»
?) «Байдың қызы»
?) «Көңіл айту»
Вопрос id:340607
Ер Тарғын жырындағы дана, батагөй қарияның атын табыңыз
?) Сыпыра жырау
?) Бұлалай
?) Ақшахан
?) Ханзада
?) Қартқожақ
Вопрос id:340608
Қартқожа романының авторын табыңыз
?) С. Жүнісов
?) Ж. Аймауытов
?) М. Әуезов
?) Б. Майлин
?) Ә. Кекілбаев
Вопрос id:340609
І. Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасындағы Құлагер кімнің жүйрік аты екенін табыңыз
?) Қобыланды
?) Ілияс
?) Қотыраш
?) Ақан сері
?) Біржан сал
Вопрос id:340610
Ғ. Мұстафин қай жылдары өмір сүргенін белгілеңіз
?) 1902 - 1985 ж ж
?) 1904 - 1987 ж ж
?) 1903 - 1986 ж ж
?) 1906 - 1989 ж ж
?) 1905 - 1988 ж ж
Вопрос id:340611
Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақынды табыңыз
?) Т. Молдағалиев
?) Қ. Бұғыбаева
?) Қ. Баянбаев
?) Т. Айбергенов
?) М. Мақатаев
Вопрос id:340612
В. В. Радлов неміс тіліне аударып бастырған жырды табыңыз
?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
?) «Қыз Жібек»
?) «Ер Тарғын»
?) «Қобыланды батыр»
?) «Айман - Шолпан»
Вопрос id:340613
Асан қайғы әкесінің кәсібі не болғанын белгілеңіз
?) Саятшы
?) Әнші
?) Малшы
?) Ақын
?) Педагог
Вопрос id:340614
Жамбыл қай кезде айтып еді:
"Наградталған мен емес, қазақтың халық поэзиясы"
?) Еңбек Қызыл Ту ордені берілгенде
?) Мемлекеттік сыйлық бергенде
?) Ленин орденін бергенде
?) Жетісу ақындарының айтысында
?) Жалпы еңбектері үшін
Вопрос id:340615
Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романына тән (лайықты) қатар
?) Тұңғыш әскери роман
?) Психологиялық роман
?) Әлеуметтік роман
?) Тарихи роман
?) Үздік әскери роман
Вопрос id:340616
Мына өлең жолдарындағы асты сызылған сөздер қандай көркемдеу құралына жататынын анықтаңыз.
"Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес"
?) Теңеу
?) Кейіптеу
?) Антитеза
?) Метонимия
?) Метафора
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026