Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Литература Қазақ әдебиеті

Вопрос id:339661
Суреттелген ағаш, шөп атаулыдан тұтас ботаникалық бауды толтыруға болатындай І. Жансүгіров өлеңін табыңыз
?) «Су суреті»
?) «Тау суреті»
?) «Жалпы сын»
?) «Жетісу жәндігі»
?) «Жер түгі»
Вопрос id:339662
Аш - жалаңаш, жоқшылық тұрмыстағы кедейдің халін Жамбыл қай өлеңінде бейнелегенін табыңыз
?) "Мәңке туралы"
?) "Шағым"
?) "Замана ағымы"
?) "Майданға"
?) "Кедей күйі"
Вопрос id:339663
... Еңбекшілер, ендігі күн сенікі,
Жасайды кедей, гүлденсін кедей, жасасын. - Бұл үзінді С. Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз
?) "Кедей баласы"
?) "Колхозды ауыл осындай"
?) "Сырласу"
?) "Көңілім"
?) "Бостандық"
Вопрос id:339664
Мына сөйлемдегі салт - дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.
... Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан -
?) бата тілетті
?) алғыс күтті
?) сый дәметті
?) көрімдік сұратты
?) рұқсат күтті
Вопрос id:339665
Қайроштың (Ғ. Мүсірепов "Қазақ солдаты") қай жерлерде соғысқанын белгілеңіз
?) Москва түбі
?) Батыс Европа жерлері
?) Кавказ, Новороссийск, Ростов, Керчь
?) Украина, Кавказ
?) Орал бойы, Сталинград
Вопрос id:339666
Мінездеу дегеніміз не, анықтамасын табыңыз
?) Табиғат көркін суреттеу
?) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде әңгімелеу
?) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу
?) Сөздерді қарама - қарсы мағынада қолдану
?) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі
Вопрос id:339667
Лирикалық жанрдың ерекшелігін көрсетіңіз
?) Эпикалық та, лирикалық та түр қатынасқан жанр
?) Кейіпкерлері түрлі аң - құс болып келетін шығарма
?) Кейіпкерлерді сөйлестіретін, адамды тікелей қимыл - әрекет үстінде көрсететін жанр
?) Адамдар арасындағы қарым - қатынастар біртіндеп өрілетін, жазушы бақылағанын тек өрнектеп беруші ғана болатын түр
?) Өмір құбылысын автор өзінің түсінуіне қарай өріп, күйініш, сүйінішін өрнектейтін көлемі шағын өлең
Вопрос id:339668
Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті екенін атаңыз
?) Түрік
?) Ұйғыр
?) Өзбек
?) Қазақ
?) Қырғыз
Вопрос id:339669
«Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең - алаң» романдарының авторын табыңыз
?) Мұхтар Мағауин
?) Әнуар Әлімжанов
?) Оралхан Бөкей
?) Ілияс Есенберлин
?) Әбіш Кекілбай
Вопрос id:339670
О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің негізгі кейіпкерін атаңыз
?) Ораш
?) Дос бала
?) Тортай
?) Көк өгіз
?) Ақ боз ат
Вопрос id:339671
VІ - VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз
?) «Қорқыт ата» кітабы
?) «Күлтегін», «Тоныкөк»
?) «Жамиғат тауарих»
?) «Қисса - сул әнбия»
?) «Мұхаббат - наме»
Вопрос id:339672
А. Яссауидің «Диуани хикмат» кітабының қазақша атауын табыңыз
?) Құтты білік
?) Ақырзаман кітабы
?) Ақиқат сыйы
?) Сөздік кітабы
?) Даналық кітабы
Вопрос id:339673
Қиял - ғажайып ертегісін табыңыз
?) «Аю, түлкі және қойшы»
?) «Ұр, тоқпақ»
?) «Аяз би»
?) «Айлалы тазша»
?) «Күн астындағы Күнікей қыз»
Вопрос id:339674
Өмірде болмайтын нәрселер жайлы әңгімеленетін ертегі түрін белгілеңіз
?) Хайуанаттар жайлы ертегілер
?) Тұрмыс - салт ертегілері
?) Жануарлар туралы ертегілер
?) Қиял - ғажайып ертегілері
?) Шыншыл ертегілер
Вопрос id:339675
«Ер Тарғын» жырында Ақжүніс ару қай батырдың бес жасынан алпыс бес жасқа дейінгі өмірін шеберлікпен айтып беретінін табыңыз
?) Ер Тарғын
?) Қартқожақ
?) Сыпыра жырау
?) Ханзада
?) Ақшахан
Вопрос id:339676
Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса - ел ырысы, …
?) Батыр елдің сәулеті
?) Ел үмітін ер ақтар
?) Ел - ырыстың кілті
?) Айласыз батыр алдырар
?) Жаңбыр жауса - жер ырысы
Вопрос id:339677
Қазтуған:
"Азамат ердің баласы,
Жабыққанын білдірмес.
Жамандар мазақ қылар деп" - деген өлең шумағында қандай мәселені айтқанын анықтаңыз
?) Туған жер
?) Табиғат
?) Ерлік, елдік
?) Достық
?) Адамгершілік
Вопрос id:339678
Шалкиіздің "Асқар, асқар, асқар тау... " толғауы қай жинаққа енгенін анықтаңыз
?) "Асау тұлпар"
?) "Дала"
?) "Көктем "
?) "Алдаспан "
?) " Серке"
Вопрос id:339679
«Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қонысың болсын қазақтан, » - деген жолдардың авторын табыңыз
?) Ақтамберді
?) Бұқар
?) Дулат
?) Жиембет
?) Махамбет
Вопрос id:339680
Махамбет:
Атадан туған аруақты ер
Жауды көрсе жапырар,
Үдей соққан дауылдай, - деген өлең шумағында қандай мәселені айтатынын табыңыз
?) Кек алу
?) Ерлік
?) Адамгершілік
?) Ақыл - өнеге
?) Өлім мен өмір
Вопрос id:339681
Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз
?) Жарылғас
?) Орынбай
?) Баймағанбет
?) Жайнақ
?) Қанай
Вопрос id:339682
Дулат Бабатайұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз
?) XV - XVII ғ
?) XVIII - XIX ғ
?) XVIII ғ
?) XX ғ
?) XIX ғ
Вопрос id:339683
«Зар заман», «Бала зар», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз
?) Шортанбай Қанайұлы
?) Шәкәрім Құдайбердіұлы
?) Мұрат Мөңкеұлы
?) Әбубәкір Шоқанұлы
?) Мағауия Абайұлы
Вопрос id:339684
Шоқанның Атығай Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған шығармасын атаңыз
?) "Айман - Шолпан" жыры
?) "Манас" жыры
?) "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры
?) "Семетей" жыры
?) "Қыз Жібек" жыры
Вопрос id:339685
Ыбырай Алтынсариннің дүниеден өткен жылын көрсетіңіз
?) 1886 жыл
?) 1888 жыл
?) 1885 жыл
?) 1887 жыл
?) 1889 жыл
Вопрос id:339686
Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін белгілеңіз
?) «Жазғытұры»
?) «Ғылым таппай мақтанба»
?) «Құлақтан кіріп бойды алар»
?) «Бойы бұлғаң»
?) «Адамның кейбір кездері»
Вопрос id:339687
Ақан сері қай ғасырда өмір сүргенін табыңыз
?) XVІІІ ғ
?) XVІІ ғ
?) XІX ғ
?) XX ғ
?) XVІ ғ
Вопрос id:339688
А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегі қай жылы жарияланғандығын көрсетіңіз
?) 1926 ж
?) 1928 ж
?) 1909 ж
?) 1913 ж
?) 1930 ж
Вопрос id:339689
Спандияр Көбеевтің романын табыңыз
?) «Жолдастар»
?) «Кім жазықты»
?) «Қыз көрелік»
?) «Қалың мал»
?) «Қамар сұлу»
Вопрос id:339690
Сұлтанмахмұт қызмет еткен журналды көрсетіңіз
?) "Қазақ"
?) "Айқап"
?) "Түркістан уәлаяты"
?) "Серке"
?) "Сарыарқа"
Вопрос id:339691
«... Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Есімбек сол өгіз сойғанның» ең шырайлы жеріне қонушы еді». Үзіндінің қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз
?) «Кедей теңдігі»
?) «Майдан»
?) «Сексен сом»
?) «Шұғаның белгісі»
?) «Айранбай»
Вопрос id:339692
1936, 1938, 1939 жылдары қатарынан үш ірі орденмен наградталған ақынды белгілеңіз
?) С. Мұқанов
?) Ғ. Мүсірепов
?) М. Әуезов
?) Ғ. Мұстафин
?) Ж. Жабаев
Вопрос id:339693
М. Әуезов кейіпкерлерін табыңыз
?) Қарамұрт, Айдынғали
?) Бақтығұл, Тектіғұл
?) Жантық, Жарқын
?) Асқар, Амантай
?) Рахмет, Шеген
Вопрос id:339694
Ғ. Мүсіреповтің Жантық атты кейіпкеріне ұқсас, басқа шығармасындағы кейіпкерді табыңыз
?) Жантық - Қодар
?) Жантық - Қарабай
?) Жантық - Жарқын
?) Жантық - Науан қазірет
?) Жантық - Сердәлі
Вопрос id:339695
Ғ. Мұстафиннің "Қарағанды" романының тақырыбы қандай екенін белгілеңіз
?) Ұжымдастыру тақырыбы
?) Төңкеріс тақырыбы
?) Өндіріс тақырыбы
?) Махаббат тақырыбы
?) Достық тақырыбы
Вопрос id:339696
Төмендегі мысалдардан метафораға тәнін табыңыз
?) Қызғалдақтай қызық өмір
?) Әйнегі - күн, шатыры - аспан
?) Сұлу жүз, жұқа ерін
?) Сен мені не етесің
?) Жоғарғы ерні көк тіреп
Вопрос id:339697
Реализмге анықтама берген адамды табыңыз
?) А. Құнанбаев
?) Ш. Құдайбердіұлы
?) А. Пушкин
?) М. Горький
?) А. Байтұрсынов
Вопрос id:339698
Найман - Ана аңызындағы (Ш. Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз
?) Сарыөзекте
?) Ыстықкөлде
?) Таразда
?) Шекер ауылында
?) Ош оймағында
Вопрос id:339699
І. Есенберлиннің алғашқы тарихи романын есіңізге түсіріңіз
?) Алтын құс
?) Көшпенділер
?) "Қаһар"
?) "Алмас қылыш"
?) "Алтын орда"
Вопрос id:339700
Жоғалуға бет алған аң - құс, өсімдік, жәндіктерді қорғауға арналған «Қызыл кітап» өлеңінің авторын табыңыз
?) Ж. Молдағалиев
?) Қ. Мырзалиев
?) Т. Әбдірахманова
?) Қ. Бұғыбаева
?) М. Мақатаев
Вопрос id:339701
VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз
?) М. Қашқари
?) Ж. Баласағұн
?) С. Сараи
?) Қорқыт
?) А. Яссауи
Вопрос id:339702
С. Сарайдың назиралық үлгіде жазылған дастаны қалай аталатынын табыңыз
?) "Мұхаббат - наме"
?) "Хибат - ул хақайық"
?) "Диуани Хикмет"
?) "Хұсрау - Шырын"
?) "Гүлстан бит - турки"
Вопрос id:339703
Жиреншеге қандай жаманат хабарға байланысты естірту айтылғанын табыңыз
?) Әкесі бақиға аттанғанда
?) Баласы қайтыс болғанда
?) Әйеліне уақыт жеткенде
?) Туысы өлгенде
?) Анасы қайтыс болғанда
Вопрос id:339704
Алпамыс батыр жырындағы:
"Аш бүгіліп жарағыр,
Жетім қалып жасыңнан
Мендей болып жылағыр,
Тарта бер, жұртым, тарта бер!... "- деген жолдар қандай кейіпкердің сөзі екенін көрсетіңіз
?) Алпамыс
?) Құлтай
?) Тортай
?) Жәдігер
?) Байбөрі
Вопрос id:339705
Біржан - Сара айтысындағы:
Сараны Жиенқұлға бере көрме,
Қыз түгіл ер құнына келер шамаң.
Бар болса сүйегіңде ойларсыңдар,
Өлі тілін тірі алмас деген заман... - деген жолдар кімдікі екенін белгілеңіз
?) Есімбек
?) Жұрты
?) Тұрысбек
?) Тастанбек
?) Біржан
Вопрос id:339706
Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
?) Еңбек тақырыбы
?) Туған жер, Отан тақырыбы
?) Өнер - білім тақырыбы
?) Батырлық, ерлік тақырыбы
?) Ынтымақ, бірлік тақырыбы
Вопрос id:339707
Аңыз жырлар Асан қайғымен және оның баласы Абатпен пікірлес болған жырау кім екенін анықтаңыз
?) Шалкиіз
?) Үмбетей
?) Қазтуған
?) Шерқұтты
?) Доспамбет
Вопрос id:339708
"Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім сені есірткен
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін", - деген өлең жолдарының авторы қай жырау екенін анықтаңыз
?) Доспамбет
?) Шалкиіз
?) Жиембет
?) Ақтамберді
?) Үмбетей
Вопрос id:339709
Шалкиіз:
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас - тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
…Жімле ғаламға күлкі етер, - деп қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз
?) Ерлік, бірлік
?) Достық, жолдасық
?) Сақтық
?) Ел қорғау
?) Тыныштық
Вопрос id:339710
Махамбет өлеңін көрсетіңіз
?) "Қызғыш құс"
?) "Дүтбайға"
?) "Жазғытұрым"
?) "Кел, балалар, оқылық"
?) "Өзен"
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026