Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:324831
Бастауыштан кейін қойылған сызықшаны табыңыз.
?) Қыздардың үлкені - Майра да, кішісі - Сайра.
?) Қыздардың - үлкені Майра да, кішісі Сайра.
?) Қыздардың-үлкені Майра, кішісі Сайра.
?) Қыздардың үлкені Майра да, кішісі - Сайра.
?) Қыздардың үлкені Майра да - кішісі Сайра.
Вопрос id:324832
Сөз тіркесіндегі фразеологизмді табыңыз.
?) Еңбек етсең емерсің.
?) Қолтығыма дым бүрке берме.
?) Көп қорқытады, терең батырады.
?) Береке түбі - мереке.
?) Еңбек ет те, міндет ет.
Вопрос id:324833
Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістікті тaбыңыз.
?) Салт.
?) Дара.
?) Болымсыз.
?) Болымды.
?) Сабақты.
Вопрос id:324834
Қос сөздің жасалу жолын табыңыз.
?) Сөздің бірігуі арқылы.
?) Сөздің қайталануы арқылы.
?) Шылау арқылы.
?) Сөздің тіркесуі арқылы.
?) Қосымша арқылы.
Вопрос id:324835
Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Шынболаттың басы қылтың ете қалды.
?) Мен оларға тазалық, ұқыптылық жайлы түсінік бердім.
?) Омай, шіркін, о несі екен!
?) Белін мықтап буып, қайықтың арт жағына отырды.
?) Олар, бір жағынан, жарқырай көрінеді.
Вопрос id:324836
Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз .
?) Үш ширек.
?) Отызға тарта.
?) Алпысыншы.
?) Тоқсан.
?) Он-оннан.
Вопрос id:324837
Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.
?) Аияиын.
?) Айайын.
?) Аяйын.
?) Аяйн.
?) Айяйын.
Вопрос id:324838
Көптік жалғаулы сөз қандай мағынада қолданылған, көрсетіңіз
Канекейлер маздатып от жақты.
?) Болжалдық.
?) Иелік.
?) Жинақтау.
?) Даралық.
?) Меншіктік.
Вопрос id:324839
Шығыс септігіндегі заттанған сын есім - сөйлемнің қандай мүшесі, дұрысын белгілеңіз.
Сөз - халықтың қымбаттан қымбат кені.
?) анықтауыш
?) бастауыш
?) толықтауыш
?) баяндауыш
?) пысықтауыш
Вопрос id:324840
Үтірдің қойылу себебі, белгілеңіз.
Дау жоқ, бүкіләлемдік деңгейде көрінерміз.
?) Күдіктік мәндегі қыстырма.
?) Қыстырма сөз.
?) Қаратпа сөз.
?) Сендіру мәнді қыстырма.
?) Оқшау сөз.
Вопрос id:324841
Көсемшені табыңыз.
?) Кет.
?) Кетер.
?) Кеткен.
?) Кетпек.
?) Кеткелі.
Вопрос id:324842
Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
?) Үштен екі.
?) Ондаған.
?) Бесінші.
?) Жетеу.
?) Мың.
Вопрос id:324843
Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.
?) Тарлық тірі жанға не істетпейді.
?) Үй тарлығынан қысылып отыр.
?) Үйі тарлық жасағандықтан, қонақ шақыра алмады.
?) Менің кішкене үйім сіздерге тарлық етер.
?) Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?
Вопрос id:324844
Есім сөзден болған баяндауышты сөйлемді көрсетіңіз.
?) Абырой - ар еңбегі.
?) Қымыз киелі ас саналады.
?) Ашу жүйкені бұзады.
?) Адал дос жаныңды сақтайды.
?) Айыбы бардың тізесі қалтырайды.
Вопрос id:324845
Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.
?) Еңбекші.
?) Басшы.
?) Қаламсыз.
?) Тарақ.
?) Жерлес.
Вопрос id:324846
Қос қатаң дауыссыз тұрған сөзді көрсетіңіз.
?) Түнгі.
?) Етпетінен.
?) Жазғы.
?) Әліпби.
?) Арман.
Вопрос id:324847
Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз.
?) Тапсырмасын.
?) Тапсырмада.
?) Тапсырмасымен.
?) Тапсырмаға.
?) Тапсырмасына.
Вопрос id:324848
Есімдік арқылы жасалған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
?) Кім келер дейсің.
?) Өмір қандай тамаша!
?) Пай-пай, мына аттың семізін-ай !
?) Ол бізге келмеді ме?
?) Десятниктерің кім?
Вопрос id:324849
Сан есiмдi табыңыз.
?) Кiшкене.
?) Елтаңба.
?) Бара жатырмыз.
?) Екi мың төрт.
?) Ешқашан.
Вопрос id:324850
Жер тоймай, ел тоймайды.
Сабақтасты анықтаңыз.
?) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
?) Себеп-бағыныңқылы сабақтас.
?) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
?) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.
?) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
Вопрос id:324851
Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Мүмкін, келіп қалар.
?) Одағай.
?) Қыстырма.
?) Еліктеу.
?) Шылау.
?) Қаратпа.
Вопрос id:324852
Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Жиырма оқушы жарысқа кетті.
?) Анықтауыш.
?) Баяндауыш.
?) Бастауыш.
?) Пысықтауыш.
?) Толықтауыш.
Вопрос id:324853
Жалпылауыш сөзге қойылған тыныс белгісін табыңыз.
?) Менің байқауымша.
?) Екеуі ымырт жамыла бергенде Бөкенші жайлауы-Жәнібекке тартты.
?) Үйге Әсия, шешем, мен - үшеуміз ғана кірдік.
?) Біз, тіміскілегіш балалар, тұтқындардың қайда екенін тез тауып алдық.
?) Төрт бұрышты қара - Жәнібек.
Вопрос id:324854
Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыстар барын белгілеңіз.
?) 14.
?) 12.
?) 16.
?) 11.
?) 10.
Вопрос id:324855
Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз.
?) Шарасыздан айтқанға келісті.
?) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.
?) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.
?) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.
?) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.
Вопрос id:324856
Тура толықтауышты көрсетіңіз.
?) Мұз айдынында балалар көп жүр.
?) Ол 40 уәзірін шақырды.
?) Ертеде Мадан деген хан болыпты.
?) Оның ақылы көп хандардан артық болды.
?) Түйе үстінен сирақ үйткендей.
Вопрос id:324857
Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.
?) Заттың түрін, түсін білдіреді.
?) Заттың көлемін білдіреді.
?) Заттың санын білдіреді.
?) Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді.
?) Заттың атын білдіреді.
Вопрос id:324858
Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.
?) Көк жиек, ашық хат.
?) Қыз қуу, тұсау кесер.
?) Халық аралық, мұра жай.
?) Өнер тапқыш, жүрек жарды хабар.
?) Күй табақ, жаны ашу.
Вопрос id:324859
Сан есiмнiң сұрағын анықтаңыз.
?) Нешеу?
?) Кiм?
?) Қандай?
?) Қашан?
?) Қалай?
Вопрос id:324860
Түбір сөзді табыңыз.
?) Сөйлес.
?) Дала.
?) Көкте.
?) Кешкі.
?) Сана.
Вопрос id:324861
Болымды етістікті анықтаңыз.
?) Ойна.
?) Келтірме.
?) Берген жоқ.
?) Айтқан емес.
?) Айқайлама.
Вопрос id:324862
Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.
?) Ертең жарыс басталады.
?) Сабақ сегіз жарымда басталады.
?) Оларға екі рет жәрдемақы берілді.
?) Бүгін үш үйірменің жұмысы болмайды.
?) Шексіз жазық басталды.
Вопрос id:324863
Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
?) Бар.
?) Өрт.
?) Аға.
?) Тұр.
?) Жат.
Вопрос id:324864
Болжалдық сан есім жасайтын, бөлек жазылатын сөздерді көрсетіңіз.
?) Таман, жуық.
?) Бір-екі.
?) Оныншы.
?) 50-60-тай.
?) Х том.
Вопрос id:324865
Еркін тіркес құрылысының схемасын анықтаңыз.
Ауызша сөйлесу.
?) Етістік - есім.
?) Үстеу - тұйық етістік.
?) Зат есім - етістік.
?) Есім сөз - етістік.
?) Есім - есім.
Вопрос id:324866
Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!
Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіз.
?) Бірыңғай мүше.
?) Қыстырма.
?) Оңашаланған айқындауыш.
?) Одағай.
?) Қаратпа.
Вопрос id:324867
«Байсалды» сөзінің антонимін белгілеңіз.
?) Ұшқалақ.
?) Орнықты.
?) Сабырлы.
?) Салмақты.
?) Мінезді.
Вопрос id:324868
Синоним сөздерді табыңыз.
?) Жақсы, жаман.
?) Қазы, қазына.
?) Сабырлы, салмақты.
?) Жұмыр, жұпар.
?) Қала, ауыл.
Вопрос id:324869
Жiктеу есiмдiгiн көрсетіңіз.
?) Бұл, осы.
?) Өз, өзі.
?) Мен, сен.
?) Бәрi, барлық.
?) Кiм, не.
Вопрос id:324870
Нүктелі үтір қойылатын орынды көрсетіңіз.
?) Оңашаланған айқындауышқа байланысты.
?) Төл сөзге байланысты.
?) Санамалап айтылған, мағыналары ыңғайлас сөйлемдер арасына.
?) Дәйексөздің қайдан алынғанын көрсететін жерде.
?) Ой ерекше дауыспен көтеріңкі айтылса.
Вопрос id:324871
Бағыныңқысы сілтеу есімдігінен болған тіркес байланысудың қай түрі, белгілеңіз.
Сол ұшқыштардың ерлігін айт.
?) Жанасу.
?) Меңгеру.
?) Матасу.
?) Қиысу.
?) Қабысу.
Вопрос id:324872
Негізгі үстеуді табыңыз.
?) Балаша.
?) Күні бүгін.
?) Жылдам.
?) Жаздыгүні.
?) Жоғары - төмен.
Вопрос id:324873
Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
?) Ақ ниет.
?) Ақ тілек.
?) Ақ көңіл.
?) Жазадан ағарды.
?) Ақ мата.
Вопрос id:324874
Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.
?) Бесік.
?) Терезeлер.
?) Бүгін.
?) Аналар.
?) Балалар.
Вопрос id:324875
Күрделі сан есімді табыңыз.
?) Қораның төбесі.
?) Бала-шаға.
?) Қырық бес.
?) Әдейі қарады.
?) Қырық кітап.
Вопрос id:324876
Омонимді табыңыз.
?) Қолында асасы бар диуана қыр асып келеді.
?) Жер жүзі, дүние, бар әлемде тыныштық орнаса екен.
?) Бал - өте сіңімді, пайдалы тамақ.
?) Айтайын не бетімді дос пен қасқа.
?) Бұл әулеттің жігіттері шетінен қауқарлы, әулетті, күшті.
Вопрос id:324877
Тырнақшаның қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
«Еңбегімнің жемісін көрсем», - деп армандаймын.
?) Төл сөз.
?) Мәтелдер.
?) «Айтылмаған», айтуға оқталған сөзі.
?) Диалог.
?) Дәйексөз.
Вопрос id:324878
Қай сөйлемде үтір дұрыс қойылған, табыңыз.
?) Жарайсың Баймұратов, мен саған, отыруға рұқсат етемін.
?) Жарайсың, Баймұратов, мен саған отыруға рұқсат етемін.
?) Жарайсың Баймұратов мен саған, отыруға рұқсат етемін.
?) Жарайсың, Баймұратов мен саған отыруға рұқсат етемін.
?) Жарайсың Баймұратов, мен саған отыруға рұқсат етемін.
Вопрос id:324879
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді белгілеңіз.
?) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз, - деп, меңгеруші бізді шығарып салды.
?) Рахмет ақсақал қош болыңыз! - деп меңгеруші бізді шығарып салды.
?) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз деп, меңгеруші бізді шығарып салды.
?) – Рахмет ақсақал, қош болыңыз – деп, меңгеруші бізді шығарып салды.
?) – Рахмет ақсақал қош болыңыз, - деп меңгеруші бізді шығарып салды.
Вопрос id:324880
Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.
?) Күзгі.
?) Бозғылт.
?) Сап - сары.
?) Кішкене.
?) Сарырақ.
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026