Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:325232
«Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты лингвистикалық еңбектің авторын көрсетіңіз.
?) Махмұд Қашқари.
?) Жүсіп Баласағұн.
?) Ахмет Югнаки.
?) Қожа Ахмет Яссауи.
?) Сайф Сарай.
Вопрос id:325233
Біріккен сөздегі кейінді ықпалды табыңыз.
?) Дүние жасыл нұрға бөленген.
?) Байдәулеттің басына бақыт қонды.
?) Біжікен мұның ешбірін айтпады.
?) Далада дамылдай алмады.
?) Сарөзекте нағашысы тұрады.
Вопрос id:325234
Сөз түрлендіруші жұрнақты табыңыз.
?) Сенім.
?) Алабота.
?) Бұл.
?) Үйшік.
?) Әскер.
Вопрос id:325235
Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
?) Қалаға бару.
?) Адамды құрметтеу.
?) Жауаптымын.
?) Ауылдың адамы.
?) Ауылмен қоштас.
Вопрос id:325236
Одағайды табыңыз.
?) Қысқасы, ақсақал, тоқтатыңыз.
?) Ол - ол ма, әңгіме одан да ұлғая түсті.
?) Жә, тоқтат, ақсақал!
?) Ақсақал, тоқтатыңыз.
?) Бір топ адам, басы Жомарт болып, атқа қонды.
Вопрос id:325237
Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз.
Бір қайнатым …
?) сөз
?) бұлт
?) шай
?) нан
?) ет
Вопрос id:325238
Бастауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.
?) Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
?) Кең болсаң, кем болмайсың.
?) Жауапкершілік бұрынғыдан да өсе түсті.
?) Анасын танымаған – алласын танымас.
?) Сабаға құйылған қымызды піспекпен піседі.
Вопрос id:325239
Еріншектің ісі - екі - баяндауыш қай сөз табынан, көрсетіңіз.
?) Зат есім.
?) Есімдік.
?) Етістік.
?) Есептік сан есім.
?) Сын есім.
Вопрос id:325240
Табыс жалғаулы сөз тіркесін табыңыз.
?) Кең далада ұйықтап жатыр.
?) Былтырдан қалған жұмыс жоқ.
?) Асқармен тез танысты.
?) Бөлінгенді бөрі жейді.
?) Заңда көрсетілген екен.
Вопрос id:325241
Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Ең сенімді су - жер астынікі, оны іздеп табу керек.
?) Жел соқты, қар жауды.
?) Кітап - білім бұлағы, білім-өмір шырағы.
?) Ол шнурды тартып қалып еді, трактор гүрілдей жөнелді.
?) Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.
Вопрос id:325242
Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғандағы тыныс белгісінің қойылуын көрсетіңіз.
Ғабиден Мұстафин былай деді Жазушы болу үшін негізгі үш шарт: ой, алғыр тіл, талант керек.
?) Автор сөзі, Төл сөз.
?) Автор сөзі, - Төл сөз.
?) Автор сөзі: «Төл сөз».
?) Автор сөзі: Төл сөз.
?) «Автор сөзі» - Төл сөз.
Вопрос id:325243
Бірге жазылатын сөзді табыңыз.
?) Беташар.
?) Итөлгенжер.
?) Ішпысу.
?) Еларасы.
?) Сондықтанда.
Вопрос id:325244
Үтірі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.
?) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.
?) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.
?) Ұра су, дами берсе, көл болады.
?) Шөлде мына ағаштар өсе алады: сексеуіл итмұрын, тікенді, тал - шіліктер.
?) Не әскери мектепке, не химия институтына түседі.
Вопрос id:325245
Рецензия - қай елдің сөзі екенін анықтаңыз.
?) Араб.
?) Латын.
?) Парсы.
?) Иран.
?) Қазақ.
Вопрос id:325246
Синонимдік қатарды табыңыз.
?) Мадақтау, мақтау.
?) Қиял, бақыт.
?) Сағым, жаңғырық.
?) Пысық, олақ.
?) Қою, сұйық.
Вопрос id:325247
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
?) Салыстырудың қай - қайсысы да кемшіліксіз болмайды, - дейді неміс мақалы.
?) Бөлтірік қашайын деп еді, күзен желкесін қырқып алды.
?) “Қансонарда бүркітші шығады аңға” (Абай).
?) Ей, тентек қарындасым!
?) Тоқта деймін,тоқташы.
Вопрос id:325248
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез cуалар.
Салаластың қай түрі, белгілеңіз.
?) Қарсылықты.
?) Ыңғайлас.
?) Түсіндірмелі.
?) Талғаулы.
?) Себеп-салдар.
Вопрос id:325249
Сұрау есімдігінің көптелген түрін көрсетіңіз.
?) Қалай?
?) Кімдер?
?) Нешінші?
?) Қайсысы?
?) Қашанғы?
Вопрос id:325250
Салыстырмалы шырайды табыңыз.
?) Биік үй, ауыр жүк.
?) Өте ауыр, ең тамаша.
?) Қуаңдау, көкшіл.
?) Орасан зор, тым әлсіз.
?) Ұзынды - қысқалы, балалы - шағалы.
Вопрос id:325251
Орфографиялық принципке бағынған сөзді табыңыз.
?) Өнөр.
?) Бейсембі.
?) Жұлдұз.
?) Еңкею.
?) Күндүз.
Вопрос id:325252
Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз.
?) Қайсыбір.
?) Ешқайсысы.
?) Әлдекім.
?) Мүмкін.
?) Әрқалай.
Вопрос id:325253
Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипатталатын сөз атауын белгілеңіз.
?) Есімше.
?) Зат есім.
?) Бейнелеуіш сөздер.
?) Етіс.
?) Дыбыстық еліктеуіш.
Вопрос id:325254
Жалқы есімді табыңыз.
?) Облыс.
?) Ертіс.
?) Теңіз.
?) Көше.
?) Өзен.
Вопрос id:325255
Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.
?) Публицистика тілі.
?) Ресми тіл.
?) Ғылыми тіл.
?) Көркем әдебиет тілі.
?) Ауызекі тіл.
Вопрос id:325256
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
?) Ата, ауылмен сөйлесіп тұрсың ба?
?) Өнер алды - қызыл тіл.
?) Оның жақсы оқығысы келеді.
?) Не ексең, соны орасың.
?) Қызарып атқан таң.
Вопрос id:325257
Мезгіл үстеуін табыңыз.
?) Тұс - тұсында.
?) Осыншама.
?) Әдейі.
?) Әбден.
?) Ежелден.
Вопрос id:325258
Қатыстық сын есімді табыңыз.
?) Әдемілеу.
?) Жақсы.
?) Ашушаң.
?) Қап-қара.
?) Жаманырақ.
Вопрос id:325259
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
?) Жігіт түйедей ірі екен.
?) Қыздың сөзі түйеден түскендей екен.
?) Маң - маң басқан түйелер кетіп барады.
?) Түйеге жабу жабылды.
?) Түйем шықты өріске.
Вопрос id:325260
Мақал - мәтелге лайық баяндауышты табыңыз.
Өнерлінің өрісі …
?) биік.
?) тар.
?) ұзақ.
?) бар.
?) кең.
Вопрос id:325261
Сұрау есімдігінің I жақта жіктелген түрін көрсетіңіз.
?) Кімбіз?
?) Қаншасы?
?) Кімі?
?) Кімде?
?) Қалай?
Вопрос id:325262
Сөз тіркесіндегі фразеологизмді табыңыз.
?) Тісін қайрау.
?) Тіс салу.
?) Тісті жұлу.
?) Алысқа кету.
?) Тісті тазарту.
Вопрос id:325263
Әлдеқалай - құрамына қарай қандай сөз, белгілеңіз.
?) Дара сөз.
?) Біріккен сөз.
?) Қос сөз.
?) Тұрақты тіркес.
?) Қысқарған сөз.
Вопрос id:325264
Толықтауышқа тән байланысу түрін көрсетіңіз.
?) Қиысу, қабысу.
?) Қабысу, матасу.
?) Меңгеру, қиысу.
?) Жанасу, матасу.
?) Меңгеру, жанасу.
Вопрос id:325265
Нүкте қандай жағдайларға байланысты қойылған, дұрысын белгілеңіз.
Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.
?) Сұраулы сөйлем.
?) Хабарлай айтылған құрмалас сөйлем.
?) Хабарлай айтылған жалаң сөйлем.
?) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем.
?) Бұйрықты сөйлем.
Вопрос id:325266
Сілтеу есімдігін табыңыз.
?) Ештеңе.
?) Менен.
?) Біреу.
?) Күллі.
?) Мынау.
Вопрос id:325267
Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
?) Қал, қала, қалау.
?) Ар, ұят, ұждан.
?) Қалқан, қақпан.
?) Терезе, перде.
?) Оң, теріс, дұрыс.
Вопрос id:325268
Сын есімнен болып тұрған толықтауышты табыңыз.
?) Білгенге жол бос.
?) Жақсылық қасындағы үшеуге кезек - кезек қарады.
?) Ескіге жаңа өлшеуіш.
?) Бейсен Жомартпен кейін қайтты.
?) Әсетке әлденелерді айтып жатыр.
Вопрос id:325269
Дара сын есімді көрсетіңіз.
?) Көкпеңбек.
?) Қонымды.
?) Аппақ.
?) Өткір көзді.
?) Қып-қызыл.
Вопрос id:325270
Қаратпа сөзді табыңыз.
?) Шынын айту керек, өз атыңа лайық емессің.
?) Ертеңгі жиыннан кешікпейік, балалар.
?) Пай-пай, қаланың түнгі көрінісін-ай.
?) Ол келмес, сірә.
?) Аз да, көп те емес, қанағат керек.
Вопрос id:325271
Дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөз.
?) ТМД.
?) Ақмола.
?) Күзгі.
?) Биыл.
?) Жазғы.
Вопрос id:325272
Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.
?) Жә, тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме?
?) Жә, тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме.
?) Жә тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме?
?) Жә, тегінде осындай тіл осал елге бітер ме.
?) Жә тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме!
Вопрос id:325273
Сұраулық шылаулы сөзді көрсетіңіз.
?) Ерікпеші
?) Арман
?) Келгенбісің
?) Менмен
?) Оқымады
Вопрос id:325274
“Терең”сөзінің ауыспалы мағынасын табыңыз.
?) Терең өзен.
?) Терең құдық.
?) Терең білім.
?) Терең су.
?) Терең көл.
Вопрос id:325275
Қате жазылған сөзді табыңыз.
?) Құрбосқа.
?) Кешке дейін.
?) Күн ілгері.
?) Ертеңге.
?) Ертелі-кеш.
Вопрос id:325276
Қыстырма сөзге қай қатарда лайықты анықтама берілгенін табыңыз.
?) Өкінуді білдіретін сөздер.
?) Біреудің назарын аударушы сөз.
?) Көңіл - күйді білдіреді.
?) Толық мағынасы бар сөз.
?) Оқшау сөздің бір түрі.
Вопрос id:325277
Сөздердің қосымша арқылы байланысын көрсетіңіз.
?) Отыз шамалы кісі.
?) Ерекше мінез.
?) Соңғы тәсіл.
?) Жалт - жұлт етті.
?) Әбдірахманның әкесі.
Вопрос id:325278
Жалпылау есiмдiгiн белгілеңіз.
?) Ешқандай, дәнеме.
?) Бiздер, олар.
?) Бiраз, кiмде-кiм.
?) Барлық, күллi.
?) Өзi, өзiмiз.
Вопрос id:325279
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
?) Рас - ау, Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?
?) Рас - ау Абай аға, тағы бір - байқағанымды айтайын ба?
?) Рас - ау, Абай аға - тағы бір байқағанымды айтайын ба?
?) Рас - ау - Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?
?) Рас - ау Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?
Вопрос id:325280
Мақалды табыңыз.
?) Ер жігіт ел үшін туады, елі үшін өледі.
?) Күш атасын танымас.
?) Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.
?) Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
?) От тілді, орақ ауызды.
Вопрос id:325281
Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.
Сара, жараның аузы ашылып кетпесін.
?) ашылып
?) аузы
?) Сара
?) жараның
?) кетпесін.
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026