Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:325082
Есімшені табыңыз.
?) Жүгір.
?) Айтты.
?) Жат.
?) Келген.
?) Отыр.
Вопрос id:325083
Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.
?) Әкеміз.
?) Қамқоршы.
?) Ауылда.
?) Жақсысың.
?) Қасында .
Вопрос id:325084
Оның сөзінің кімге керегі бар? Сөйлем түрін анықтаңыз.
?) Құрмалас.
?) Атаулы.
?) Толымсыз.
?) Жақты.
?) Жақсыз.
Вопрос id:325085
Қатар, "бірге" шылаулары қай септіктен соң келеді, табыңыз.
?) Табыс.
?) Көмектес.
?) Шығыс.
?) Жатыс.
?) Ілік.
Вопрос id:325086
Қаратпа сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.
?) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
?) Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел.
?) Жүрегім, нені сезесің?
?) Қарағым Қамқа, бүгін күн жұма ғой осы?
?) Тыңда, дала, Жамбылды!
Вопрос id:325087
Бірдей сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі қызметін атқаратын мүше.
?) Жалпылауыш мүше.
?) Бірыңғай мүше.
?) Оңашаланған айқындауыш.
?) Айқындауыш мүше .
?) Қосарлы айқындауыш.
Вопрос id:325088
Мекен үстеуін табыңыз.
?) Сонша.
?) Ертең.
?) Былтыр.
?) Жоғары.
?) Жедел.
Вопрос id:325089
Көп нүктенің орнына үстеу сөзді қойыңыз.
Нағашым ... әдеттегісінен кешігіп келді.
?) ақырын
?) лезде
?) ертең
?) сыртта
?) бүгін
Вопрос id:325090
Салаластың түрін ажыратыңыз.
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
?) Талғаулы.
?) Ыңғайлас.
?) Қарсылықты.
?) Түсіндірмелі.
?) Кезектес.
Вопрос id:325091
Дауысты дыбыстардың үндесуін не дейміз, белгілеңіз.
?) орфоэпия дейміз.
?) орфография дейміз.
?) екпін дейміз.
?) сингармонизм дейміз.
?) дыбыс үндестігі дейміз.
Вопрос id:325092
Көсемшені табыңыз.
?) Барма.
?) Көрді.
?) Айтқан.
?) Қарап.
?) Келді.
Вопрос id:325093
Етістің қай түрі сабақтыны салтқа айналдыратынын белгілеңіз.
?) Болымды, болымсыз.
?) Дара, күрделі.
?) Ырықсыз.
?) Салт, сабақты.
?) Ортақ.
Вопрос id:325094
Қай тыныс белгісі қойылмаған, дұрысын белгілеңіз.
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек екінші - сол нәрсені көргенде я естігенде ғибратлану керек көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
?) Нүктелі үтір.
?) Үтір.
?) Көп нүкте.
?) Нүкте.
?) Қос нүкте.
Вопрос id:325095
Публицистикалық стильдің ауызша түріне лайық жауапты табыңыз.
?) Ертегілер.
?) Жаңылтпаш.
?) Шешендік сөздер.
?) Мақал - мәтел.
?) Проза.
Вопрос id:325096
Құрмалас сөйлемдер арасына қойылған тыныс белгілердің қатесін табыңыз.
?) Күн бұлттанып - ақ тұр еді алайда, жауа қоймады.
?) Тептім – терекке шықтым.
?) Салған әні жан - дүниемізді балқытты: дауысы аса әсем екен.
?) Аяғы жоқ, - жүреді, аузы жоқ, - сөйлейді.
?) Біресе себелеп жаңбыр жауады, біресе қиыршықтап қар жауады.
Вопрос id:325097
Ыңғайлас мәнді жалғаулықты табыңыз.
?) Соң.
?) Бірақ.
?) Ана.
?) Және.
?) Hемесе.
Вопрос id:325098
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
?) Досын көрді.
?) Жәрдемшіге хабар айтуға болады.
?) Күн жылына бастады.
?) Жүзін шырамытатын сияқты.
?) Боран да басылды.
Вопрос id:325099
Бұқар жыраудың бірден онға дейінгі санның мағынасын сұраған жұмбағына жауап айтқан би кім, көрсетіңіз.
?) Әйтеке би.
?) Досбол шешен.
?) Бөлтірік шешен.
?) Төле би.
?) Қазыбек би.
Вопрос id:325100
Туынды зат есімді табыңыз.
?) Бас.
?) Аңшы.
?) Сөз.
?) Ана.
?) Дос.
Вопрос id:325101
Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.
?) Өз ара ақылдасу, қонақ асы.
?) Қара керей, қол таңба.
?) Қол үзбеу, қағаз басты болу.
?) Жылма жыл, еңбек ақы.
?) Мал шаруашылығы, еңбек күн.
Вопрос id:325102
Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңғз.
?) Қант, бұлт.
?) Сөз, қамал.
?) Ас, ұн.
?) Қол, бас.
?) Ағаш, сезім.
Вопрос id:325103
Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз.
?) #ЗНАЧ!
?) Абай: "Ғылым таппай мақтанба," - деген.
?) Емтихан оңай болмайды, - деді ұстаз.
?) #ЗНАЧ!
?) М.Горький былай деген екен: "Кітап - білім бұлағы".
Вопрос id:325104
Сiлтеу есiмдiгiн табыңыз.
?) Мен.
?) Өзi.
?) Сен.
?) Осы.
?) Кiм.
Вопрос id:325105
Қыстырма сөзді табыңыз.
?) Біз, қазіргі жастар, нарық заңын меңгереміз.
?) Ата, қалаға қашан барамыз?
?) Оқуыңды бітірдің бе, балам?
?) Біздің үйге, қалқам, тезірек жет.
?) Осы қылығыңды, сірә, өзің де жаратпайтын боларсың.
Вопрос id:325106
Үстеуді табыңыз.
?) Бес.
?) Ұстаз.
?) Ертең.
?) Сары.
?) Гүрс - гүрс.
Вопрос id:325107
Еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
?) Ө,ұ,и,э.
?) О,ө,ұ,ү.
?) Ұ,ү,е,у.
?) У,ұ,ы,ө.
?) О,ү,и,ә.
Вопрос id:325108
Қатаң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.
?) Т,с,м,һ.
?) Ф,к,қ,ж.
?) Ш,п,х,ц.
?) Х,к,с,ғ.
?) Ү,с,л,й.
Вопрос id:325109
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
?) Қара торы.
?) Тас жүрек.
?) Жұлып тастады.
?) Ашық күн.
?) Бас сүйек.
Вопрос id:325110
“Тоғызыншы” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.
?) Бөлшектiк.
?) Реттiк.
?) Болжалдық.
?) Топтау.
?) Жинақтық
Вопрос id:325111
Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз.
?) Көгірек.
?) Қалалық.
?) Әп - әдемі.
?) Көкшілтім.
?) Аса әдемі.
Вопрос id:325112
Анықтауыш қызметіндегі еліктеу сөзді табыңыз.
?) Жүрегім зу ете қалды.
?) Түйе шөккенде, Қамқа серейіп, сұлқ түсті.
?) Ырғалып қарға қарқ етті.
?) Ол тарс-тұрс ете қалған дауысты естіді.
?) Наган шаңқ етті.
Вопрос id:325113
Күрделі сөзді табыңыз.
?) Бұлтсыз аспан.
?) Сырлы әуен.
?) Тас қараңғы жер.
?) Мағыналы өмір.
?) Күрең қызыл.
Вопрос id:325114
Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз.
?) Бірнеше.
?) Барлық.
?) Күллі.
?) Ешқашан.
?) Әлдеқашан.
Вопрос id:325115
Қысаң, езулік дыбысты көрсетіңіз.
?) а.
?) ө.
?) у.
?) о.
?) и.
Вопрос id:325116
Бірыңғай мүшелерге байланысты қате қойылған тыныс белгіні анықтаңыз.
?) Ол салмақты, ауыр мінезді, үндемейтін қыз еді.
?) Жамбыл айтыс жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады.
?) Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.
?) Ырғақ-ой мен сезімнің, жан мен тәннің, қосылып салар әні.
?) Бұлардың артында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді.
Вопрос id:325117
Жанама толықтауышты табыңыз.
?) Мүмкіншілік бар.
?) Атасын шақырды.
?) Тілді сүйемін.
?) Естігенін айтты.
?) Жақсымен сөйлес.
Вопрос id:325118
Шылауды көрсетіңіз.
?) Да, де, сияқты.
?) Мыс, міс, ол.
?) Дейін, сөйтсе, барлық.
?) Қатар, қабат, деп.
?) Әрі, бері, сондай.
Вопрос id:325119
Бірыңғай ашық дауыстыдан болған сөзді табыңыз.
?) Іні.
?) Қарындас.
?) Әке.
?) Бауыр.
?) Нағашы.
Вопрос id:325120
Деректі зат есімдер қатарын табыңыз.
?) Ақыл, ес.
?) Мектеп, ағаш.
?) Ой, сана.
?) Көңіл, сезім.
?) Ауа, жел.
Вопрос id:325121
Толықтауыш дегеніміз не, табыңыз.
?) Іс - қимылдың мезгіл, мекенін т.б. сипатын білдіретін мүше.
?) Сөйлем құрауға негіз болатын мүше.
?) Сөйлемде іс - оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын мүше.
?) Заттық ұғымды сын - сана, сан, мөлшер жағынан сипаттайтын мүше.
?) Іс - қимылдың я сапа белгінің иесі болатын мүше.
Вопрос id:325122
Антоним сөздерді табыңыз.
?) Ызғарлы - суық.
?) Мақтаншақ - бөспе.
?) Ырым - жора.
?) Ылғал - құрғақ.
?) Мақұл - жарайды.
Вопрос id:325123
“Екi-екiден” сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.
?) Топтау.
?) Жинақтық.
?) Бөлшектiк.
?) Реттiк.
?) Болжалдық.
Вопрос id:325124
Дефис қойылатын орынды белгілеңіз.
?) Алты аласы- бес бересі.
?) Микро- биология.
?) Ежелгі- дос.
?) Жүре - сөйлеу.
?) Турсун- заде.
Вопрос id:325125
Септеулік шылауды көрсетіңіз.
?) Шынар - ай, ойымды дөп бастың, сәулем .
?) Егер жолым болып кетсе, бәріңе жақсылық болады.
?) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.
?) Я ұл, я қыз болсын, ұрпақ болса болғаны.
?) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.
Вопрос id:325126
Ыңғайлас салалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыз.
?) Не, немесе, кейде.
?) Алайда, онда да...
?) Әрі, да, де, және.
?) Әйтпесе, дегенмен.
?) Өйткені, себебі...
Вопрос id:325127
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнынан ұшып тұрады, біресе отырады.
?) Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым көбейеді.
?) Оңдасын таңертең тауға кетті.
?) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.
?) Ана мен баланың бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбырын сездірмеуге тырысты.
Вопрос id:325128
Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.
?) Сөзшең.
?) Көп ойнау.
?) Жазса.
?) Жеңісбек.
?) Жүзсе.
Вопрос id:325129
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
?) Біздің халық, менің аңғаруымша, ақын халық.
?) Пай, пай, шіркін, қазақтың келіндері - ай!.
?) Әрине, бүгінгі жастарға білім керек - ақ!
?) Білімді адамды бағалаған жөн.
?) Абылғазы, қайдан келдің?
Вопрос id:325130
Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.
?) Жақсыдан - шарапат, жаманнан - кесапат.
?) Жауды басындырма, жақынды ашындырма.
?) Жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
?) Ер қаруы - бес қару.
?) Нар тәуекел - ер ісі.
Вопрос id:325131
Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
?) Оған қарағым келмейді.
?) Қарағымның көзі әдемі.
?) Қарағымды көп болды көрмегелі.
?) -Айналайын, қарағым, сенбісің?
?) Саған көп қарағым келеді.
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026