Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:325682
Ыңғайластық жалғаулықтар қатарын көрсетіңіз.
?) Алайда, әйтпесе, әйтпегенде, бірақ.
?) Я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде.
?) Мен (бен, пен), да (де, та, те), және, әрі.
?) Өйткені, себебі, неге десең.
?) Сондықтан, сол себепті.
Вопрос id:325683
Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
?) Ақыл, асыл.
?) Көп, ұшан - теңіз.
?) Жайлау, көкпар.
?) Егжей - тегжей.
?) Надан, ықылас.
Вопрос id:325684
Ашық дауыстылар қалай жасалатынын белгілеңіз.
?) Жақтың кең ашылуы арқылы.
?) Еріннің дөңгеленуі арқылы.
?) Тілдің кейін шегінуі арқылы.
?) Жақтың тар ашылуы арқылы.
?) Тілдің ілгері созылуы арқылы.
Вопрос id:325685
Себеп - салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
?) Тез келді.
?) Етпетінен жығылды.
?) Амалсыздан көнді.
?) Дереу жетті.
?) Жорта сөйледі.
Вопрос id:325686
Себеп - салдар үстеулі тіркесті табыңыз.
?) Бірден келді.
?) Босқа келді.
?) Алда жүреді.
?) Бірен - саран адам.
?) Артта келеді.
Вопрос id:325687
«У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.
?) Секіру.
?) Жету.
?) Жүру.
?) Қайту.
?) Кету.
Вопрос id:325688
Қыстырма сөз мағынасын анықтаңыз.
Мүмкін, жас шағын еске алған шығар.
?) Сенер - сенбестік.
?) Қорытындылау.
?) Сендіру.
?) Ой реті.
?) Адам көзқарасы.
Вопрос id:325689
Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.
?) Баспахана.
?) Мектепке бару.
?) Әңгіме тыңдау.
?) Еңбектену.
?) Көз салу.
Вопрос id:325690
Зат есімді табыңыз.
?) Екі.
?) Әттең.
?) Сары.
?) Кітап.
?) Әрең.
Вопрос id:325691
Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
?) Жақсы, үлгілі комбайыншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
?) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
?) Ізденіс түбі - жеңіс.
?) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
?) Танк өз - өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң - топырақ бұрқ ете қалды.
Вопрос id:325692
Төл сөз азат жолдан басталғанда қойылатын белгіні табыңыз.
?) Көп нүкте.
?) Сызықша.
?) Дефис.
?) Қос нүкте.
?) Тырнақша.
Вопрос id:325693
Төл сөзді сөйлемнің хабарлы түрін табыңыз.
?) Бұл кім болды екен әлде деп ойлады ұста.
?) Бұл шынымен мен ойлаған азамат па деп ойлады ол.
?) Мен оның кім екенін қайтсем де есіме түсірем деді.
?) Мұны мен қайдан көрдім деп ойлады ұста.
?) Мен оны бұрын көрдім деді ұста.
Вопрос id:325694
Қате жазылған сөзді табыңыз.
?) Басараз.
?) Бейтаныс.
?) Ала бұлт.
?) Ата мекен.
?) Ақсүйек.
Вопрос id:325695
Екі не одан да көп адамның өзара сөйлесуін көрсетіңіз.
?) Автор сөзі.
?) Төл сөз.
?) Диалог.
?) Төлеу сөз.
?) Монолог.
Вопрос id:325696
Бастауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.
?) Үлкен үйдің іші абыр-сабыр.
?) Үлкен іске кіріскелі тұр.
?) Үлкенге жол берді.
?) Тарлау емес, үлкендеу.
?) Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді.
Вопрос id:325697
XIV-XVI ғасырлар аралығында өмір сүрген қазақ шешендерін анықтаңыз.
?) Абай, Ыбырай.
?) Асан қайғы, Жиренше шешен.
?) Майқы би, Аяз би.
?) Б.Адамбаев, С.Негімов.
?) Төле, Қазыбек, Әйтеке би.
Вопрос id:325698
Мына сөздердің қайсысы жіктелмейді, табыңыз.
?) Ұнатты.
?) Барған.
?) Боран.
?) Келді
?) Дәрігер.
Вопрос id:325699
Баяндауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.
?) Біздер сапқа он-оннан қатар құрап тұрдық.
?) Менің алғаным - жетеу.
?) Алты - үшке қалдықсыз бөлінеді.
?) Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндіресің.
?) Ынтымақ - бірлік қайда болса, бақыт сонда болады.
Вопрос id:325700
Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.
?) Соқаның алымы аз болғандықтан жұмыс өнбеді.
?) Патша заманында ел алым төлеген.
?) Алымы мен бөлімі бөлшектің мүшелері деп аталады.
?) Заттай алым алынады.
?) Алым-салықтың бір түрі.
Вопрос id:325701
Қaтаң дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.
?) А, Ы, И, Ғ.
?) Ұ, І, Э, Е.
?) О, И, А, Ө.
?) Ы, І, И, Э.
?) І, Ы, Ұ, Ү.
Вопрос id:325702
Барыс септігіндегі сөзбен тіркесіп тұрған шылауды көрсетіңіз.
?) Мыңнан астам.
?) Үйге қарай.
?) Сенен бұрын.
?) Анамда болды.
?) Әкеммен бірге.
Вопрос id:325703
Үтірдің қойылмайтын жерін анықтаңыз.
?) Бірыңғай мүшелердің арасында.
?) Қыстырма сөзден кейін.
?) Одағай сөзден кейін.
?) Бастауыш пен баяндауыштың арасында.
?) Қаратпа сөздің екі жағынан.
Вопрос id:325704
Туынды етістікті табыңыз.
?) Секір.
?) Айт.
?) Шегеле.
?) Жүгір.
?) Отыр.
Вопрос id:325705
Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.
?) Қармақ.
?) Балта.
?) Күндіз.
?) Құрал.
?) Балға.
Вопрос id:325706
Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
?) Сын түзелмей, мін түзелмейді.
?) Бұдан былай су мезгілінде келмесе, осы Қарағандыда не сен тұрасың, не мен тұрамын.
?) Ал мынада шұбалаңқы бос сөздер көп. Жөндеңіз.
?) Жерді жорытқан біледі, малды баққан біледі.
?) Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың.
Вопрос id:325707
Есімдер тобынан жасалған қос сөзді көрсетіңіз.
?) Қол қою.
?) Әттегене-ай.
?) Асығып-үсігіп.
?) Жылдан-жылға.
?) Келген тәрізді.
Вопрос id:325708
Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз.
?) Кенші.
?) Табалдырық.
?) Ауылданбыз.
?) Сепкіш.
?) Санақ.
Вопрос id:325709
Туынды зат есімдерді анықтаңыз.
?) Кітап, қала.
?) Білім, бұрғы.
?) Бала, өнер.
?) Әке, шеше.
?) Доп, қол.
Вопрос id:325710
Барыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
?) Алған.
?) Көрген.
?) Маған.
?) Туған.
?) Білген.
Вопрос id:325711
Себеп - салдар үстеуін табыңыз.
?) Күні - түні.
?) Қасақана.
?) Амалсыздан.
?) Ала жаздай.
?) Орасан зор.
Вопрос id:325712
Езулік дауыстыны табыңыз.
?) ү.
?) у.
?) а.
?) о.
?) ұ.
Вопрос id:325713
Туынды сөз жасап тұрған қосымшаны көрсетіңіз.
?) Білді.
?) Білім.
?) Білгіз.
?) Білерcіз.
?) Біліңіз.
Вопрос id:325714
Сын есiм нені бiлдiретінін белгілеңіз.
?) Заттың қимыл - әрекетiн.
?) Заттың атын.
?) Заттың сынын.
?) Заттың ретiн.
?) Заттың санын.
Вопрос id:325715
Сөйлем түрін анықтаңыз.
Рахия жымиды.
?) Атаулы.
?) Жайылма.
?) Жалаң.
?) Құрмалас.
?) Жақсыз.
Вопрос id:325716
Туынды сын есімді табыңыз.
?) Аспалы.
?) Аласа.
?) Нашар.
?) Абырой.
?) Ақ.
Вопрос id:325717
Қай сөйлемде сызықша дұрыс қойылғанын көрсетіңіз.
?) Құр барып қайтпа - алып қайт!
?) Болат-өз ауылының баласы.
?) Нем кетіпті - барып қайтам.
?) Берсе - алам ғой.
?) Қойшы енді - бөлежан!
Вопрос id:325718
Барыс жалғаулы сөзді табыңыз.
?) Қылышына.
?) Далам.
?) Береке.
?) Тара.
?) Жағаны.
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026