Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:323981
Бөлшектiк сан есiмді белгілеңіз.
?) Елуiншi.
?) Миллион.
?) Екi-үштен.
?) Төртеу.
?) Бес бүтiн оннан екi.
Вопрос id:323982
Қазақ тілінде сөздердің неше байланысу тәсілі бар, табыңыз.
?) 6
?) 2
?) 5
?) 4
?) 1
Вопрос id:323983
Мына мақалдың, "Өнер - ағып жатқан бұлақ, ..... " жалғасы қайсы, табыңыз.
?) Жаны сұлу - сұлу.
?) Білім тоқығандікі.
?) Білім - қайық.
?) Ғылым - жанып тұрған шырақ.
?) Ғылым - теңіз.
Вопрос id:323984
Күрделі сөзді табыңыз.
?) Күркешік.
?) Елеуіш.
?) Уәлихан.
?) Жиырма.
?) Кітап оқу.
Вопрос id:323985
Күрделі сын есімді табыңыз.
?) Жусаннан аласа.
?) Суыққа шыдамды.
?) Жүк тиеу.
?) Қара шұбар.
?) Жерден алып, жерге салды.
Вопрос id:323986
«Қазақстанның» сөзіндегі ілгерінді ықпалдың үндестік орнын көрсетіңіз.
?) Қос сөзде.
?) Түбір мен қосымша аралығында.
?) Түбір сөзде.
?) Күрделі сөзде.
?) Тіркес сөзде.
Вопрос id:323987
Өздік есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз.
?) Өздерің, өзіңсің.
?) Өзіне, өзіңізбен.
?) Өзім, өзіңіз.
?) Өзің, өзіміз.
?) Өздеріміз, өздеріңіз.
Вопрос id:323988
Тура толықтауышты табыңыз.
?) Дүкенге қарады.
?) Жауапқа дайын.
?) Қазақ ақыны.
?) Доппен ойнады.
?) Кітапты ашты.
Вопрос id:323989
Шешендік сөздің әсерлілігін арттыратын тілдік сапаны белгілеңіз.
?) Сөз мағынасын жетік білмеу.
?) Тез сөйлеу.
?) Қарабайыр сөздерді қолдану.
?) Дауыс мәнерін сақтамау.
?) Айшықты сөздерді мол қолдану.
Вопрос id:323990
Құрмалас сөйлемдерден талғаулы салалас түрін табыңыз.
?) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүгені сылдырлады, шөп суылдады.
?) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.
?) Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді.
?) Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.
?) Вагон іші жарық, жылы екен.
Вопрос id:323991
Мөлшер үстеуін табыңыз.
?) Алды - артында, әрі.
?) Тіпті, өңкей.
?) Лажсыздан, өзінше.
?) Соншалық, онша.
?) Емін - еркін,өйтіп - бүйтіп.
Вопрос id:323992
Көп мағыналы сөзді анықтаңыз.
Олар ертең жол жүретін болды.
?) болды.
?) ертең
?) Олар
?) жүретін
?) жол
Вопрос id:323993
Қосарлану арқылы жасалған күрделі зат есімді анықтаңыз.
?) Ақшағала.
?) Ауыл - аймақ.
?) Бала бақша.
?) Жауын.
?) Сантиметр.
Вопрос id:323994
Қабаттаса қолданылған тыныс белгілердің қалып қойғаны бар ма, көрсетіңіз.
«Өзім алып шықсам қайтеді» деп ойлады ұста.
?) Сұрақ белгісі, сызықша.
?) Леп белгісі, үтір.
?) Үтір, сызықша.
?) Сызықша, көп нүкте.
?) Сұрақ белгісі, үтір.
Вопрос id:323995
Жалпылауыш сөзге тән тыныс белгілерін көрсетіңіз.
?) Үтір, сұрақ белгісі.
?) Нүктелі үтір, леп белгісі.
?) Тырнақша, жақша.
?) Нүкте, дефис.
?) Қос нүкте, сызықша.
Вопрос id:323996
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.
?) Екі-үш күн күтерсің
?) Адам - ардақты ат
?) Ертелі-кеш бір келер.
?) Екі ұшты нәрсе екен.
?) Баруға тиістісің бе?
Вопрос id:323997
Оқта - текте қос сөзі - қай сөз табынан, табыңыз.
?) Үстеу.
?) Есімше.
?) Етістік.
?) Етіс.
?) Көсемше.
Вопрос id:323998
Стильдің анықтамасын табыңыз.
?) Сөйлей білудің және жазу мәнерінің қалыптасқан жүйесі, амал - тәсілі.
?) Сөйлей білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім.
?) Көркем сөйлеу әдебі, мәнерлеп айту жүйесі.
?) Ауызша сөйлеу әдебі.
?) Жазу мәдениеті, көне сөздерді қолдану тәсілі.
Вопрос id:323999
Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз.
?) Жыланкөз.
?) Жыланғұрт.
?) Қағ алды.
?) Қақ пөлу.
?) Сарауыз.
Вопрос id:324000
Қай жерде сызықша дұрыс қойылғанын белгілеңіз.
?) Мойынты Шу темір жолы.
?) Мойынты Шу темір-жолы.
?) Мойынты-Шу темір жолы.
?) Мойынты Шу- темір жолы.
?) Мойынты-Шу-темір-жолы .
Вопрос id:324001
“Жаман” сөзімен мағыналас сөзді көрсетіңіз.
?) Жақсы.
?) Салақ.
?) Нашар.
?) Тамаша.
?) Олақ.
Вопрос id:324002
Анықтама қай стильге жатады, табыңыз.
?) Іс-қағаздар.
?) Көркем әдебиет.
?) Ресми.
?) Публицистика.
?) Ауызекі стиль.
Вопрос id:324003
Күрделі үстеуді табыңыз.
?) Тез.
?) Бұрын.
?) Ендігәрі.
?) Жорта.
?) Төмен.
Вопрос id:324004
"Дау мұраты-біту,
Саудагер мұраты-ұту,
Қыз мұраты-кету,
Жол мұраты-жету",
Бұл қай бидің жауабы, белгілеңіз.
?) Сырым би
?) Қазыбек би.
?) Бөлтірік шешен.
?) Төле би.
?) Әйтеке би.
Вопрос id:324005
Есімшені табыңыз.
?) Жүр.
?) Жүре.
?) Жүргелі.
?) Жүретін.
?) Жүріп.
Вопрос id:324006
Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.
?) Сеп - семіз.
?) Ой.
?) Неше?
?) Елу бес.
?) Риза.
Вопрос id:324007
Сан есімнің емле ережесіне сай жазылғанын көрсетіңіз.
?) 1918 - інші - жыл.
?) 1918 жыл.
?) 1918 - інші жыл.
?) 1918 - ші жыл.
?) 1918 – жыл.
Вопрос id:324008
Одағай сөзді табыңыз.
?) Ерте.
?) Біріншіден.
?) Пәлі.
?) Ана.
?) Сайын.
Вопрос id:324009
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
?) Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.
?) - Бұл не деген жұмбақ ? - десті екеуі.
?) Ат - көп мағыналы сөз.
?) Аққу көлібалетін көрдің бе ?
?) Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай).
Вопрос id:324010
Орфоэпиялық нормаға сай сөзді табыңыз.
?) Бұрын.
?) Әркім.
?) Дұрыс.
?) Кеңесбек.
?) Ашша.
Вопрос id:324011
Жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
?) Нүкте.
?) Көп нүкте.
?) Қос нүкте.
?) Үтір.
?) Нүктелі үтір.
Вопрос id:324012
Ала кел сөзіндегі дыбыстық өзгерістің орнын көрсетіңіз.
?) Біріккен сөзде.
?) Түбір сөзде.
?) Сөз аралығында.
?) Туынды сөзде.
?) Қос сөзде.
Вопрос id:324013
Біздің келешегіміз.
Байланысу тәсілін анықтаңыз.
?) Ілік септік, тәуелдік жалғау.
?) Орын тәртібі.
?) Күрделі зат есім.
?) Ілік септік, жіктік жалғау.
?) Шылаулы сөз.
Вопрос id:324014
Сәлем саған, Астана! Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
?) Одағай.
?) Төл сөз.
?) Қаратпа.
?) Қыстырма.
?) Бірыңғай мүше.
Вопрос id:324015
Қаратпа сөзді табыңыз.
?) Әуелі, адамды түсіне білейік.
?) Пұшайт-пұшайт, қозым, қоңырым.
?) Бәсе, бұл - соның ісі.
?) Біріншіден, айтатын ойыңызды саралаңыз.
?) Сенің ойыңша, келешек туралы ойламау керек пе?
Вопрос id:324016
Синонимі бар сөйлемді табыңыз.
?) Бие үш жыл қысырап, биыл құлындады.
?) Даңқ үшін, думан үшін қызмет етпе.
?) Сапардың аярлығы Сағиланы жирендірді.
?) Біреуді мұқату, кеміту дұрыс емес.
?) Бала қышқыл өрік пен алманы жей алмады.
Вопрос id:324017
Диалект сөзді табыңыз.
?) Дулыға, садақ.
?) Қыз, көз.
?) Ашық, мұрат.
?) Делдал, нарық.
?) Сым, кепеш.
Вопрос id:324018
Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болатын сөз атауын табыңыз.
?) қосарлы айқындауыш
?) анықтауыш
?) айқындауыш
?) жалпылауыш сөз
?) оңашаланған анықтауыш
Вопрос id:324019
Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
?) Сабаққа кешігуге болмайды.
?) Ол жақтан апамыз келді.
?) Сен мұнда не істеп жүрсің?
?) Біз елімізде молшылық орнатамыз.
?) Өлеңімді өрлеттім.
Вопрос id:324020
Күрделі сөзді көрсетіңіз.
?) Жаңа мекен.
?) Ат жақты.
?) Сыныпты безендіру.
?) Атқа міну.
?) Үлкен шеберхана.
Вопрос id:324021
Септеулі сөздердің қайсысы мезгілдік мағынаны білдіреді, белгілеңіз.
?) Менде.
?) Күзге.
?) Оның.
?) Менімен.
?) Мекен.
Вопрос id:324022
Белгiсiздiк есiмдiгiн белгілеңіз.
?) Әркiм, әрбiр.
?) Сен, сiздер.
?) Қайда, нешеу.
?) Барша, барлық.
?) Ешбiр, ешқайсысы.
Вопрос id:324023
Омоним болмайтын сөзді көрсетіңіз.
?) Ынтымақ.
?) Жастық.
?) Түс.
?) Көр.
?) Сол.
Вопрос id:324024
Матаса байланысқан анықтауыштық қатынасты табыңыз.
?) Үйден шығу.
?) Талдырмаш қыз.
?) Үйдің терезесі
?) Таулы жер.
?) Ақырын жүру.
Вопрос id:324025
Әр түрлі мағынаға ие бола алатын одағайды көрсетіңіз.
?) Пай-пай.
?) Алақай.
?) Қап, тәйт.
?) Пәлі, ау.
?) Пах-пах.
Вопрос id:324026
Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз.
?) Бірнеше кісілер.
?) Құрттар.
?) Сүттер.
?) Студенттер.
?) 250 қойлар.
Вопрос id:324027
Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Мен ағама хат жаздым.
?) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды.
?) Соңғы тұжырымы осы болғанмен, оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.
?) Әңгімені бастау үшін Сержанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
?) Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.
Вопрос id:324028
Жалқы есімді табыңыз.
?) Темір .
?) Өзен.
?) Бұлақ.
?) Астана.
?) Қамшы.
Вопрос id:324029
Дара сан есiмді анықтаңыз.
?) Үш-төрт.
?) Бiр жүз отыз.
?) Он бес.
?) Бiр-бiрден.
?) Тоғыз.
Вопрос id:324030
Кел, сұлуым, су алуға таңертең.
Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
?) Одағай сөз.
?) Қаратпа сөз.
?) Қыстырма сөз.
?) Оқшау сөз.
?) Бірыңғай мүше.
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026