Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:324231
Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
?) Анық, айқын.
?) Ер, жуас.
?) Бүгін, биыл.
?) Тақ, танау, күн.
?) Жаз, тер, қаз.
Вопрос id:324232
Дефис қойылатын орынды белгілеңіз.
?) Сәске түс.
?) Премьер Министр.
?) Әуел бастан.
?) Самал жел.
?) Аңқау түлкі.
Вопрос id:324233
Қазақ әліпбиіндегі әріптердің санын анықтаңыз.
?) 38.
?) 41.
?) 39.
?) 42.
?) 40.
Вопрос id:324234
Одағайдан жасалған көсемшені табыңыз.
?) Әлди - әлди ұйықта, жаным бөбегім.
?) Алдымнан жақсы кезіктің, шырағым .
?) Ол бізге жалт - жалт қарады.
?) Уһлеп, аһлап әзер жеттім.
?) Байжан әрі жылап, әрі айқайлап жіберді.
Вопрос id:324235
Сан есім сөйлемнің қай мүшесі, дұрысын көрсетіңіз.
Осы қазір он - он бесі Сүйеу қарт пен Әлібиді ортаға алыпты.
?) Толықтауыш.
?) Анықтауыш.
?) Баяндауыш.
?) Пысықтауыш.
?) Бастауыш.
Вопрос id:324236
Анықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.
?) Біздің облысымыз 116 мың гектар егін сеуіп, 14 миллион пұт астық алды.
?) Алтау- үшке қалдықсыз бөлінеді.
?) Оларды әр бөлмеге бес-бестен орналастырдық.
?) Асқар- он үште, мен - он төрттемін.
?) Біздер сапқа тұрдық.
Вопрос id:324237
Одағайды табыңыз.
?) Иә, дұрыс айтасыз.
?) Менің байқауымша, сіздің халық - ақын халық.
?) Тәйт, қылжақты қоя тұр.
?) Салжігіт, Темірбекті біле келші.
?) Әсіресе, бүгінгі оқиға ерекше екен.
Вопрос id:324238
Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрін ажыратыңыз.
Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны 1928 жылы ашылған.
?) Реттік.
?) Болжалдық.
?) Жинақтық.
?) Топтау.
?) Есептік.
Вопрос id:324239
Мөлшер үстеулі тіркесті табыңыз.
?) Құлаққа ұрған танадай.
?) Кешке дейін.
?) Соншама үрейлену.
?) Қаннен - қаперсіз отыр.
?) Жата - жастана білу.
Вопрос id:324240
Мезгіл үстеуін табыңыз.
?) Жазда.
?) Аса.
?) Шапшаң.
?) Сонша.
?) Тым.
Вопрос id:324241
Етістіктің құрамына қарай бөлінуін белгілеңіз.
?) Болымды, болымсыз.
?) Есімше, көсемше.
?) Салт, сабақты.
?) Дара, кұрделі.
?) Негізгі түбір етістік, туынды түбір етістік.
Вопрос id:324242
Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс белгіленген, көрсетіңіз.
?) Биік мансап - биік жартас - дейді Абай.
?) Биік мансап, биік жартас, - дейді Абай.
?) Биік мансап, биік жартас - дейді Абай.
?) Биік мансап, биік жартас, - дейді Абай.
?) Биік мансап - биік жартас, - дейді Абай.
Вопрос id:324243
Бастауыш қай сөз табынан, көрсетіңіз.
Кейбіреулері сәл тоқтап, Абайдың аузына қадалды.
?) Есімдік.
?) Сын есім.
?) Етістік.
?) Зат есім.
?) Одағай.
Вопрос id:324244
Туынды сөзді табыңыз.
?) Көкесі, әкесі.
?) Түндік, өнерпаз.
?) Баладан, ұстаздан.
?) Атадан, арамен.
?) Қалада, әкемнің.
Вопрос id:324245
Төл сөзге байланысты дұрыс қойылған тыныс белгіні анықтаңыз.
?) “Мұны мен қайдан көрдім,” – деп ойлады ұста.
?) Мұны мен қайдан көрдім? – деп ойлады ұста.
?) - Мұны мен қайдан көрдім? – деп, ойлады ұста.
?) “Мұны мен қайдан көрдім?” – деп ойлады ұста.
?) #ИМЯ?
Вопрос id:324246
Етістік болмайтын сөзді табыңыз.
?) Билікті.
?) Билеп-төстеу.
?) Билеме.
?) Билеткізу.
?) Билете.
Вопрос id:324247
Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
?) Қызыға қарау.
?) Ерігу - еріну.
?) Бес қару.
?) Кешікпей келу.
?) Айылын жимау.
Вопрос id:324248
Омоним сөзді табыңыз.
?) Кел.
?) Жирен.
?) Тұр.
?) Оқы.
?) Үйрен.
Вопрос id:324249
Тыныс белгісі дұрыс қойылған, төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
?) “Бұл үйдің жаны нешеу”: деді Итбай.
?) – Бұл үйдің жаны нешеу?, деді Итбай.
?) – Бұл үйдің жаны нешеу? - деді Итбай.
?) – Бұл үйдің жаны нешеу?: деді Итбай.
?) – Бұл үйдің жаны нешеу? деді: Итбай.
Вопрос id:324250
Талғаулықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені айқындаңыз.
?) Жүгіріп еді,сонда да кешікті.
?) Оқуға да,жұмысқа да үлгереді.
?) Біз ертең - ақ жетеміз.
?) Бірде бар,бірде жоқ.
?) Не мен, не сен айт.
Вопрос id:324251
Сын есімнен болған синонимдерді табыңыз.
?) Ылғи, үнемі, әрдайым.
?) Ара, арба, асық.
?) Сыпайы, әдепті, биязы.
?) Айла, амал, әдет.
?) Қыс, жаз, күз.
Вопрос id:324252
Көп құрамды төл сөзді сөйлемді табыңыз:
?) – Бұл вальс қой өзі?- деп Әбіш біраз ойланды да: - Қайдан үйренгенсің?- деді.
?) Ол: «Ертең Амандық сабақтан қалмасын»,-деп тапсырма берд і.
?) Қартаң әйелдер: «Құдай көңіліңді өсірсін»,-деп ризашылықтарын білдірді.
?) «Ертең күн ашық болады»,- деді көкем.
?) Сәбит әдейі амандасқалы келгенін айтты.
Вопрос id:324253
Жай сөйлемді ажыратыңыз.
?) Ауыл іші.
?) Төбе шашы тік тұру.
?) Ұрыншақ жігіт.
?) Дала тастай қараңғы екен.
?) Абайдың шәкірті.
Вопрос id:324254
Синонимдік қатардың дұрысын табыңыз.
?) Туыс, жақын, жанкүйер.
?) Өлмес, өшпес, сирек.
?) Саңырау, тосаң, сараң.
?) Тәкаппар, паң, менмен.
?) Пысық, жылпос, жасық.
Вопрос id:324255
Сөйлем түрін анықтаңыз.
Көп тыңда, аз сөйле.
?) Құрмалас
?) Жақты
?) Жалпылама жақты
?) Толымсыз
?) Атаулы
Вопрос id:324256
Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңіз.
?) Жан-жануар көп.
?) Қиқаң-қиқаң етті.
?) Күз келді.
?) Сендер үйге келіңдер.
?) Үй-үйімізге тарадық.
Вопрос id:324257
Буын құрай алатын дыбысты табыңыз.
?) Т.
?) И.
?) З.
?) Р.
?) Б.
Вопрос id:324258
Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
?) Кең бөлменің ішінен әншінің әні естілді.
?) Өрнекті әуезді ән естіледі.
?) Көктің сәні – құс әні.
?) Жақсы ән жанды жадыратады.
?) Әнді сүйсең менше сүй.
Вопрос id:324259
Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді табыңыз.
?) Балы.
?) Арманың.
?) Балама.
?) Балаңыз.
?) Қалам.
Вопрос id:324260
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
?) Досанның тауға қайтадан барғысы келді.
?) Бұларыңыз бүлдіршіндерге үлкен сыйлық.
?) Асан ұйықтап қалды.
?) Ермек өте жақсы оқиды.
?) Ауылдың малы балалап, айран шықты аз көпті.
Вопрос id:324261
Заттың сынын білдіретін жай шырайды белгілеңіз.
?) Қызылдау.
?) Біп-биік.
?) Сұлу.
?) Өте ащы.
?) Тереңдік.
Вопрос id:324262
Орын тәртібі арқылы байланысқан сөздерді анықтаңыз.
?) Заводқа кірді.
?) Күздік бидай.
?) Атам сөйлесті.
?) Күзге салым.
?) Басшылық етті.
Вопрос id:324263
Сөз тіркесіндегі меңгеруді табыңыз.
?) Биік тау, орындалған арман.
?) Ауылдың маңы, менің кітабым.
?) Бақытты балалық, кең дала.
?) Оқуға бар, өнерді үйрен.
?) Мен барамын, сен сөйлейсің.
Вопрос id:324264
Қосарлы есімдер тобынан жасалған сөзді табыңыз.
?) Көріп отырды.
?) Келе бер.
?) Күнделік жазу.
?) Өзімен - өзі.
?) Алыстан көріп отыр.
Вопрос id:324265
Жетпіс бес, "оннан бір" - жасалу жолын көрсетіңіз.
?) Күрделі сөз.
?) Сөз тіркесі.
?) Күрделі етістік.
?) Күрделі зат есім.
?) Күрделі сан есім.
Вопрос id:324266
Тыныс белгісі дұрыс қойылған көп құрамды төл сөзді табыңыз.
?) – Пай - пай! Түндік ашайын десең, түтін - деді Абай қабағын шытып, беймаза күннің бірі екен - ау тағы!
?) – Пай - пай! Түндік ашайын десең, түтін, - деді Абай қабағын шытып, - Беймаза күннің бірі екен - ау тағы!
?) – Пай - пай! Түндік ашайын десең түтін – деді, Абай қабағын шытып: Беймаза күннің бірі екен - ау тағы!
?) – Пай - пай! Түндік ашайын десең, түтін; деді, Абай қабағын шытып, - Беймаза күннің бірі екен - ау тағы!
?) – Пай - пай! Түндік ашайын десең, түтін: деді, Абай қабағын шытып, Беймаза күннің бірі екен - ау тағы!
Вопрос id:324267
Ыңғайластық мәндегі шылауды көрсетіңіз.
?) Бүгін келеді, бірақ қонбайды.
?) Әлде ауысады, әлде ауыспайды.
?) Марат та, Қанат та бар.
?) Бірде көл кісі, бірде шөл кісі.
?) Марат я барады, бармайды.
Вопрос id:324268
Негізгі зат есімді табыңыз.
?) Адалдық.
?) Сүйініш.
?) Кеме.
?) Айтыс.
?) Күйші.
Вопрос id:324269
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Төбең де қап - қара, аяқ астың да қап - қара.
?) Баяндауыш.
?) Бастауыш.
?) Толықтауыш.
?) Анықтауыш.
?) Пысықтауыш.
Вопрос id:324270
Ұяң дауыссыздан басталатын бес арыстың бірін көрсетіңіз.
?) Жүсіпбек.
?) Ахмет.
?) Мағжан.
?) Міржақып.
?) Шәкәрім.
Вопрос id:324271
Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
?) Тұсаулы.
?) Биік.
?) Табыскер.
?) Шаруақор.
?) Білгіш.
Вопрос id:324272
Бірыңғай ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
?) Орман.
?) Жауын.
?) Дәптер.
?) Алаша.
?) Мектеп.
Вопрос id:324273
Сөз мағынасын зерттейтін тіл ғылымының саласын көрсетіңіз.
?) Фонетика.
?) Морфология.
?) Графика.
?) Лексика.
?) Синтаксис.
Вопрос id:324274
Көптік жалғауы жалғанбайтын сөзді табыңыз.
?) Құлақ.
?) Бала.
?) Жас.
?) Туыс.
?) Ер.
Вопрос id:324275
Жай сөйлемді ажыратыңыз.
?) Ұзтаздық етсең, жалықпайсың.
?) Үлкен келсе – барыңды бер.
?) Ыстық асты үрлеме.
?) Бала өссе, әке тынығады.
?) Қауіп қайдан – қатер содан.
Вопрос id:324276
«Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл» деген кімнің сөзі, табыңыз.
?) М.Әуезов.
?) А.Құнанбаев.
?) С.Мұқанов.
?) Б.Момышұлы.
?) К.Аханов.
Вопрос id:324277
Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.
?) О, Ы, Э, І.
?) У, Ә, І, Ү.
?) А, Ә, Ө, Е.
?) Е, И, І, О.
?) Ұ, А, Ө, Э.
Вопрос id:324278
Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын түбірді табыңыз.
?) Ана.
?) Мектеп.
?) Жігіт.
?) Сөз.
?) Темір.
Вопрос id:324279
Орфография - қай елдің сөзі, дұрысын белгілеңіз.
?) Парсы сөзі.
?) Грек сөзі.
?) Араб сөзі.
?) Иран сөзі.
?) Орыс сөзі.
Вопрос id:324280
«Біресе» шылауы жалғаулық шылаудың қай түрі екенін көрсетіңіз.
?) Себеп-салдар.
?) Ыңғайлас.
?) Кезектес.
?) Шартты.
?) Қарсылықты.
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026