Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:324081
Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.
?) Жәкем қуанғаннан жылап жіберді.
?) Мен кітап алғалы әдейі келдім.
?) Біз өтетін өзеннің ағысы қатты, алайда терең емес.
?) Сен баласы ма едің соның?
?) Жақсымен жолдас бол, жақсы жүр.
Вопрос id:324082
Тұйық етістікті анықтаңыз.
?) Көрсет.
?) Түсіндір.
?) Шегелеу.
?) Дәлелде.
?) Көмектес.
Вопрос id:324083
Деректі зат есімді табыңыз.
?) Мектеп.
?) Реніш.
?) Сезім.
?) Ақыл.
?) Ой.
Вопрос id:324084
Сын - қимыл үстеулі тіркесті табыңыз.
?) Бостан - бос жүрді.
?) Әрі - бері жүрді.
?) Қасақана үндемеді.
?) Амалсыздан көнді.
?) Недәуір ұзын.
Вопрос id:324085
“Анау” сөзi қай сөз табы екенін белгілеңіз.
?) Үстеу.
?) Зат есiм.
?) Етiстiк.
?) Сын есiм.
?) Есiмдiк.
Вопрос id:324086
Мекен пысықтауышты табыңыз.
?) Тауға бара жатыр.
?) Кешкілік қайтып келді.
?) Пысықтығынан тез орындады.
?) Күлдіру үшін айтып отыр.
?) Ол тентек сәби еді.
Вопрос id:324087
Дара бастауыш бар сөйлемді табыңыз.
?) Ана-ардақты есім.
?) Жиырма бес жас маған тағы қайтып келді.
?) Ырыс алды - ынтымақ.
?) Төрт жерде төрт-он алты.
?) Еңбек түбі - береке.
Вопрос id:324088
Бір буынды сөзді табыңыз.
?) Қант.
?) Сезім.
?) Адам.
?) Орман.
?) Қанат.
Вопрос id:324089
Мөлшер үстеуін табыңыз.
?) Өте.
?) Жылдам.
?) Ауызба - ауыз.
?) Соғұрлым.
?) Қыстыгүні.
Вопрос id:324090
Сөз тіркестерінен тура толықтауышты табыңыз.
?) Ойында сақтаулы.
?) Ауданға барды.
?) Оқуға түсті.
?) Оны білгенін жасырды.
?) Келгеніне риза болды.
Вопрос id:324091
Айылын жимау - тіркестің түрін ажыратыңыз.
?) Матасу.
?) Қиысу.
?) Меңгеру.
?) Жанасу.
?) Тұрақты тіркес.
Вопрос id:324092
Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс қолданылғанын көрсетіңіз.
?) Шынымды айтсам, өзің бір, қызық жан екенсің.
?) Шынымды айтсам өзің, бір қызық жан екенсің.
?) Шынымды айтсам өзің бір, қызық жан, екенсің.
?) Шынымды айтсам - өзің бір қызық жан екенсің.
?) Шынымды айтсам, өзің бір қызық жан екенсің.
Вопрос id:324093
Қыстырма сөзді табыңыз.
?) Жандарым - ау.
?) Жоқ.
?) Ойбай.
?) Амал нешік.
?) Тәйт.
Вопрос id:324094
Жинақты сан есімнің жұрнақтарын табыңыз.
?) -ншы, -нші.
?) -тап, -теп.
?) -дап, -деп.
?) -лаған, -леген.
?) -ау, -еу.
Вопрос id:324095
Дұрыс қойылмаған тыныс белгіні анықтаңыз.
?) Бала қыран алғыр да келеді, албырт та келеді.
?) Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да.
?) Айтып тұрғаның әлде шын, әлде өтірік.
?) Есін жиғанын, не оянғанын Асқардың өзі де білмейді.
?) Жер де, көк те тұп-тұнық, қап-қара.
Вопрос id:324096
Жіктік жалғауының І жағында тұрған сөзді табыңыз.
?) Адамсыз.
?) Адаммын.
?) Адамсың.
?) Адамға.
?) Адам.
Вопрос id:324097
Негізгі зат есімді табыңыз.
?) Кітапхана.
?) Егін.
?) Бұрғы.
?) Балықшы.
?) Әке.
Вопрос id:324098
Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
?) Еңбекпен тапқан бір теңге қымбат.
?) Сен үйде қаласың ба, әлде киноға барасың ба?
?) Рас, бұл дұрыс айтады, қателік жоқ.
?) Түу, өткен істі сөз қылмашы.
?) Сен оның көзіне көрінбе.
Вопрос id:324099
Талғаулы салаласты көрсетіңіз.
?) Сәлім - әке - шешесінің тұңғышы әрі жалғызы.
?) Кеше тауға бардық.
?) Не мына Әбдіні қаламызға шығарып бер, не болмаса кепіл бол.
?) Көзімді құла атқа аударып ем, ол басын бұрып, бізге қарап тұр екен.
?) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ.
Вопрос id:324100
Ілгерінді ықпалды табыңыз.
?) Ақ ешкі.
?) Жазушылар.
?) Ұшқышсың.
?) Құлын.
?) Жұмыскер.
Вопрос id:324101
Жіңішке сөзді табыңыз.
?) Жұмысшы.
?) Өсімтал.
?) Еңбек.
?) Әсемпаз.
?) Балгер.
Вопрос id:324102
Нүкте қойылатын жерді көрсетіңіз.
?) Драмалық шығармада әр кейіпкердің атынан кейін қойылады.
?) Қаратпа сөзден соң.
?) Оқшау сөздерден соң.
?) Бірыңғай мүшелерден кейін.
?) Жалпылауыш сөзден соң.
Вопрос id:324103
Екі буыннан құралған сөзді анықтаңыз.
?) Бүгін.
?) Кіріспе.
?) Қаламгер.
?) Бояушы.
?) Оқушы.
Вопрос id:324104
Қосымша арқылы байланысқан сөз тіркесін табыңыз.
?) Колхоздың бас агрономы.
?) Бүгін келді.
?) Мектепке дейін жүгіру.
?) Кең дала.
?) Көпір арқылы өту.
Вопрос id:324105
Күрделі сөзді табыңыз.
?) Жер жырту.
?) Сулы жер.
?) Егінді жер.
?) Жер шары.
?) Жерді суландыру.
Вопрос id:324106
Ашық түрдегі матасу түрін табыңыз.
Ой өзегі - шығарманың негізгі арқауы.
?) Негізгі арқауы.
?) Шығарманың арқауы.
?) Өзегі арқауы.
?) Ой арқауы.
?) Ой өзегі.
Вопрос id:324107
Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.
?) кірісейік
?) әңгімеге
?) ашық
?) Бәрін
?) қойып
Вопрос id:324108
Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықтаңыз.
?) Төбесі, бұрғы.
?) Жаны, арасы.
?) Маңы, жеңіл.
?) Тұсы, тарағы.
?) Ортасы, жүрісі.
Вопрос id:324109
Антонимі бар сөйлемді анықтаңыз.
?) Қара көңілі не ойлап тұрғанын кім білсін?
?) Ол ауыл осы арадан қашық емес.
?) Етегі желпілдеп, ертелі- кеш атпен шаба береді.
?) Алыс жолдан шаршаған сыңайлы.
?) Қақпа берік жабылған.
Вопрос id:324110
Жай сөйлемді табыңыз.
?) Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді.
?) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді.
?) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді.
?) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді.
?) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады.
Вопрос id:324111
“Ешбiр” сөзi есiмдiктiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.
?) Белгiсiздiк.
?) Сұрау.
?) Болымсыздық.
?) Жалпылау.
?) Өздiк.
Вопрос id:324112
Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
?) Ақырын қозғалу.
?) Жүйрік ат.
?) Жел мінез.
?) Бұзаулы сиыр.
?) Ұйқыдан ояту.
Вопрос id:324113
Қате жазылған сөзді көрсетіңіз.
?) Коммунистік.
?) Коммуниске.
?) Разъездің.
?) Разъезі.
?) Коммунистке.
Вопрос id:324114
Үтір не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз.
Құс қалықтайды, ұшады, сайрайды.
?) Қаратпа.
?) Қыстырма.
?) Оқшау сөз.
?) Құрмалас сөйлем.
?) Бірыңғай баяндауыш.
Вопрос id:324115
Шылаудың дұрыс жазылған нұсқасын көрсетіңіз.
?) Астанада көрікті де, әсем үйлер көп.
?) Астанада көрікті де әсем үйлер көп.
?) Астана да көрікті де әсем үйлер көп.
?) Астанада көріктіде әсем үйлер көп.
?) Астанада көріктіде, әсем үйлер көп.
Вопрос id:324116
Жетпеген (қойылмаған) тыныс белгісін табыңыз.
Аты Төлеген екен, Жібегін іздеп жүрген көрінеді, - деп, күлісті құрбылары.
?) Үтір.
?) Тырнақша.
?) Дефис.
?) Сызықша.
?) Нүктелі үтір.
Вопрос id:324117
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз
?) Ауыспалы ту.
?) Уайым жеу.
?) Жұртпен сөйлесу.
?) Күндердің күнінде.
?) Ер жігіт.
Вопрос id:324118
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
?) Бос белбеу жігіт.
?) Жас жүрек.
?) Баяғы заман жоқ.
?) Көп адам келді.
?) Қазақ музыкасы өркендеуде.
Вопрос id:324119
Жұрнақ жалғанған сөзді көрсетіңіз.
?) Аудандарынанбыз.
?) Бозғылт.
?) Анаңмын.
?) Туысыңмен.
?) Келудің.
Вопрос id:324120
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
?) Бұл даусыз; бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
?) Бұл даусыз – бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
?) Бұл даусыз, бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
?) Бұл даусыз, бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
?) Бұл даусыз – бірақ - осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
Вопрос id:324121
Райдың қанша түрі бар екенін табыңыз.
?) 3.
?) 6.
?) 4.
?) 2.
?) 5.
Вопрос id:324122
Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.
?) Ол еш уақытта мұндай қуанған емес.
?) Бақтыгүл қайнаған ашу үстінде барын айтып қалмақ ниетте болатын.
?) Олжабек сасыңқырап қалды.
?) Мен елдің жіберген елшісімін.
?) Кімнің келіп, кімнің кетіп жатқанын, тіпті, біліп болмайды.
Вопрос id:324123
Сингармонизм заңдылығына бағынатын сөз.
?) Әсемпаз.
?) Жолбарыс.
?) Итмұрын.
?) Жауынгер.
?) Арбакеш.
Вопрос id:324124
Жаңа сөзді көрсетіңіз.
Қалалық әкім кеше теледидардан сөйледі.
?) кеше
?) теледидардан
?) әкім
?) қалалық
?) сөйледі.
Вопрос id:324125
Ұяң дауыссыздардың саны қанша екенін белгілеңіз.
?) 10.
?) 8.
?) 12.
?) 14.
?) 9.
Вопрос id:324126
Басыңқы сөйлемнің баяндауышы есімшеден болған құрмаласты көрсетіңіз.
?) Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да Жайық бетінен келді.
?) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
?) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салынсын.
?) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені сеялка суға жүре алмайды.
?) Біздің селомыз үлкен.
Вопрос id:324127
Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
?) Бар.
?) Дара.
?) Ант.
?) Ата.
?) Жел.
Вопрос id:324128
Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
?) Сенімің.
?) Тұлым.
?) Сезді.
?) Айттық.
?) Апырым.
Вопрос id:324129
Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.
?) Жұрт айтты - көне берді.
?) Аяғы жоқ, - жүреді, аузы жоқ, - сөйлейді.
?) Қарқаралы деген округтің әміршісі - Құнанбай мен осы Майыр.
?) Ағаш арасын қаратса - жоқ.
?) Алыс - берісіміз көп, ағайын адамбыз.
Вопрос id:324130
Кейінді ықпалды анықтаңыз.
?) Сөзсіз.
?) Қашса.
?) Ішсе.
?) Қарбыз.
?) Сынып.
Copyright tests.ithead.ru 2013-2026